Untitled Document

Сұхбат - Реинкарнация

Реинкарнация – өлген адамның рухы басқа бір денеге (адамға, жануарға, өсімдікке т.б.) өтіп сонда өмір сүруі деген негізсіз және дұрыс емес сенім. Ескі замандардан бері мұндай сенім бар. Буддизмде, перғауындар дәуірінде және көп тәңірлі діндерде байқалады. Брахмандар, кейбір философтар, Дүрзилер, Карматилер және Исмаилилер секілді бұзық секталарда реинкарнация сенімі кең тараған.

Жай ойлап қарайтын болсақ бұл бұзық сенім адамның өз әлемінің жауапкершілігіне және әділет принціпіне де қайшы. Денелерді аралап жүретін рух қай амалының есебін бермек? Әрине мұның түбі ахыретті, жаннат, жаһаннамды жоққа шығаруға негізделген.

Зилзал сүресінде “Кімде-кім құм данасындай жақсылық жасаса оның қарсылығын көреді, және кімде-кім құм данасындай жамандық жасаса оның қарсылығын көреді.” деп бұйырған. Яғни әрбір жасалған әрекеттің қарсылығы сый-сыйапат болып немесе жаза болып келеді. Құран кәрімде “Әрбір нәфс өлім дәмін сезінеді. Кейін бізге қайтарыласыңдар.” деп бұйырған.

Дінімізде өлген адамның рухы басқа денеге өтеді деген сенім жоқ. Өтетінін білдіретін ешқандай аят кәрима, ешқандай хадис шәриф те жоқ. Ешбір Ислам ғалымы мұндай нәрсе айтқан емес. Көбінесе дінге сенбейтін адамдар тарапынан айтылады. Олар «Реинкарнация арқылы рухтар кәмілдікке жетеді» деген өтірік пікірлер шығаруда. Жарайды, рухтар осы түрде кәмілдікке жетсе, онда жаһаннам кімдер үшін жаратылған? Кімдер азап көреді?

Реинкарнацияға сену – жаһаннамға сенбеу, тіпті өлгеннен кейін қайта тірілуге де сенбеу деген сөз.  Сондықтан реинкарнацияға сенген адам діннен шығады, кәпір болады. «Бәриқа» және «Хадиқа» кітаптарында осылай білдірілген. Осындай имансыздардың біразы өздерін діндар адам етіп көрсетіп, кітап, газет-журналдармен, радио және теледидар арқылы халыққа осы сенімді сіңдіруге тырысқан. Мұндай адамдардың мақсаты жастарды дінсіз ету, иманын ұрлау болып табылады.