Untitled Document

Денсаулық - Киви

Отаны Қытай болған кивидің бір данасындағы С витаминінің қоры, бір адамның күндік С витаминіне деген қажеттілігінен де көп.

♦ Кивиде, жасуша ядросындағы ДНК-ны зияннан сақтау ерекшелігі бар.
♦ Астма ауруына қарсы С витаминіне бай болған осы жемісті жеу керек.
♦ Киви қанды сұйылтады және қандағы май мөлшерін азайтады.
♦ Холестериннің деңгейін түсіреді.
♦ Терідегі әжімдерді кетіреді.
♦ Бауырдың жұмысын белсендетіп, қанды тазалайды.
♦ Көкірек қатерлі ісігінің алдын алады.
♦ Тұмау және суықтаудан тез жазылуға көмектеседі.
♦ Қан қысымын түсіреді.
♦ Ас қорытуды жеңілдетіп, іш қатуының алдын алады.
♦ Иммунитетті күшейтеді.
♦ Киви тоңазтқышта сақталуы керек.

Ғибрат - Шүкірдің анықтамасы

Жүнейд Бағдади хазреттері жеті жасар кезінде ұстазы әрі нағашысы болған Сырри Сәқати хазреттерімен бірге қажылыққа барады. Мәсжиди харамда 400-дей ғалым жиналып, шүкір жайында сөйлесіп отырады. Әркім шүкір жайында әртүрлі нәрселерді айтып, шүкірдің не екенін толық анықтама беруге тырысып жатқан еді. Ұзақ уақыт сөйлесіп, 400 түрлі пікір айтылса да, барлығын қанағаттандырарлық анықтама айтылмаған болатын. Сырри Сәқати хазреттері жанындағы Жүнейди Бағдадиге қарап: «Сен де олардың әңгімесін тыңдадың. Қане, сен де білгеніңді айт!»-дейді. Сонда Жүнейд Бағдади хазреттері: «Шүкір – Аллаһу та’аланың ихсан еткен ниғметтерімен Оған қарсы шықпау,» деп жауап береді. Сол жердегілердің барлығы таң қалып: «Сені құттықтаймыз! Шүкірдің не екенін ең жақсы сен түсіндірдің.» дейді.