Денсаулық - Жақсылық жасау жүрекке жақсы әсер етеді
Канадада жасалған зерттеу нәтижесінде жақсылық жасаудың жүрекке жақсы әсер ететіні мәлімденді. Британ-Колумбия университеті тарапынан жасалған зерттеуде жақсы амалдар істеу жастардың жүрегіне және денсаулығына жақсы әсер ететіні анықталды. Зерттеуге үлес қосқандардан Ханна Шрайер, адамдарға мейірімділік етудің, жәрдемші болудың жүрекке және денсаулыққа жақсы әсер ететінін білдірді. Жасалған зерттеу сонымен қатар стресс, депрессия, тыныштық сияқты психикалық-әлеуметтік факторлардың жүрек-тамыр ауруларын азайтатынын және АҚШтағы өлім деңгейінде бұл факторлардың маңызды рөл атқаратындығын мәлімдеді. Зерттеу Ванкувер қаласында 106 оқушыға жасалды. Қан қысымдары, дене салмағының индексі және жүрек соғу ритмі өлшенген оқушылардың 53-і аптасына 1 сағат өзінің өмір сүретін аймақтағы бастауыш сыныптағы оқушыларға еш қарсылығын күтпей көмектесті. Ал қалған 53 оқушы программада қатысқан жоқ. Оныншы аптаның соңында жасалған зерттеуде бірінші топтағы 53 оқушының жүрек соғу ритмінің жақсарғаны, холестерин және денедегі май деңгейінің төмендегені анықталды. Жасалған зерттеу Америка медициналық ассоцияция журналында басылып шықты.
Асхана - Картоптан жасалған оладьи
3-4 картопты 1 тіс сарымсақ салып суда қайнатып пісіріп аламыз. 3-4 картопты шикідей теркадан өткізіп бетіне аздап лимон суын сығып сеуіп қоямыз (қарайып кетпеуі үшін). Піскен картоптан пюре жасап, кейін теркадан өткізілген картоптың суын сығып тек сусыз картопты пюреге салып және 2 жұмыртқа қосып бәрін араластырамыз. Дайын болған массаны котлет секілді етіп бөлшектеп майға екі жағын қызартып қуырамыз. Асыңыз дәмді болсын!