Бала тәрбиесі - Балада қызығушлық
Балалар барлық нәрсені білуге құштар болуы керек. Бала дүниемен байланысын осы құштарлығымен орнатады. Осылайша ой-өрісі жетіліп, дамиды. Оның қызығушылығы сұрақ қоюына, сонымен қатар әртүрлі нәрселерді үйренуіне себеп болады. Ал бұл есте сақтау қабілетінің дамуына, көп нәрседен хабардар болуына көмектеседі.
Егер балада қызығушылық жоқ болса, онымен шұғылданыңдар, көңіл бөліңдер. Баланың қызығушылығын оятатын нәрселер табыңдар. Әйтпесе бала тұйық болып қалады. Ал бұл, баланың рухани саулығы үшін жақсы емес. Бала жас кезінен бастап айналасындағы құбылыстармен әуес болуы, оларды тануы керек, жақсы көруі керек. Бүкіл осылардың барлығы оның қызығушылығының арқасында болатын нәрселер.
Күлімдейік - Жаман әдет
Бір кішкентай қыз басбармағын емуді әдетке айналдырады. Анасы қаншама қой деп айтқанмен қойдыра алмайды. Бір күні қызына:
– Тыңда қызым, бұл әдетің жақсы емес. Егер саусағыңды аузыңа салуды
тоқтатпасаң ісініп-ісініп, кейін жарыласың,- дейді.
Анасының сөзінен қатты әсерленген қыз, бұл әдетін тоқтатады. Бір күні
үйіне бір семіз кісі қонаққа келеді. Әлгі қыз келген қонаққа қарап:
– Аға сіздің не істегеніңізді білеміз. Әлі де кеш емес, қолыңызда мүмкіншілік барда бұл жаман әдетті тастасаңыз жақсы болады,- депті.