Untitled Document

Патшалық

Бір күні халифа Харун Рашид, Бағдатта адамдарымен бірге серуендеуге шығады. Жолда ағаш түбінде ұйықтап жатқан бір кісіні көріп, жанындағыларға: «Мына кісіні оятыңдар! Шөптің арасынан шыққан жылан шағып, өлтіріп қоюы мүмкін» дейді.

– Әлгі ұйықтап жатқан кісі оянғанында, жанында халифа Харун Рашид тұрғанын көріп, былай дейді:
– Ей патшам! Не үшін ояттыңдар мені? Мен түсімде патша болыппын. Тақта отырып, қызметшілеріме бұйрықтар беріп, оларды зыр жүгіртіп жатқан едім,- дейді. Харун Рашид күлімдеп былай дейді:
– Ұйқыдағы патшалықтың несі жақсы, міне осылай көзіңді ашқан кезде, патшалық та, ештеңе де қалмай, жоқ болып кетеді.
– Патшам! Менің патшалығым көзімді ашқан кезде жоқ болып кетті, ал сенікі көзіңді жұмған кезде жоқ болады. Меніңше арамызда айырмашылық жоқ сияқты?
Бұл жауапты естіген халифа, ойланып, былай дейді:
– Негізінде ұйқыдағы адам сен емес мен екенмін. Мен сені жыланнан құтқару үшін оятқан едім, ал сен мені патшалық ғафлетінен ояттың.
Содан кейін Харун Рашид: «Ей Харун! Көзіңді жұмған кезде жоқ болатын патшалығыңа ешқашан сенбе!» деп, өз-өзіне жиі-жиі қайталап тұратын болды.

Кешегі жауап

Х+(Х+6)+(Х+12)+(Х+18)+(Х+24)=100

               5Х=40, Х=8 балық.