Әлем - Халық санының артуы
Жасалған болжамды есептер б.з.б. 9 мыңыншы жылдары әлемде 12 миллионға жуық халық өмір сүргенін көрсетуде. Сол дәуірлері өте баяу көбейген халық саны б.з.б. 3 мыңыншы жылдары 80 миллионға, ал григориан жыл санағының басында 160 миллионға жеткен.
Христофор Колумбтың Америкаға барған 1492 жылдары халық саны 450 миллионға жуық еді. Сол кездері адамзатқа төніп тұрған ең үлкен қауіп оба жұқпалы ауруы болатын. 1347-1351 жылдары аралығында оба ауруынан европаның үштен бір бөлігі, Орташығыс, Индия және Қытайдың басым бөлігі қырғынға ұшырап, 80 миллион адам өлген. Халық саны 1650 жылдары 500 миллионға, 1830 жылы 1 миллиардқа жеткен,1930 жылы 2 миллиардтан асқан. Халық санының мұндай қарқынмен көбеюіне, өркениеттің дамуы, денсаулық саласындағы, технологиядағы ілгерілеулердің ықпалы мол болғаны сөзсіз. Сол кезден 45 жыл өткен соң 1975 жылы халық саны 4 миллиардқа жеткен еді. Қазіргі таңда 7 миллиард 100 миллионға жеткен әлем халқының жартысына жуығы Азиядағы мына 5 мемлекеттерде өмір сүруде:
1) Қытай 1.375.000.000, 2) Үндістан 1.225.000.000, 3) Индонезия 235.000.000, 4) Пәкістан 185.000.000 5) Бангладеш 165.000.000
Күннің тарихы - ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы
Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, аз уақыт ішінде күшті мемлекетке айналды.
Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған. Осман империясының ыдырауында маңызды рөл ойнаған.