Күннің тарихы - Имам Ағзам Әбу Ханифа (ІІ)
Имам Харезмидің Әбу Хурайрадан риуайат еткен (жеткізген) хадис шәрифінде: «Үмбетімде Әбу Ханифа деген бір адам шығады. Ол қиямет күні үмбетімнің шырағы болады» делінген. Тағы бір хадисте: «Нұғман бин Сабит есімді Әбу Ханифа деп аталатын бір адам келеді, Аллаһу та’аланың діні мен менің сүннетімді жандандырады» және «Әр ғасырда үмбетімнің ішінен ұлы адамдар шығады. Әбу Ханифа - өз заманының ең ұлы адамы» делінген. Осы үш хадис шәриф “Мәудуат-ул-улум” және “Дурр-ул мухтар” кітаптарында жазылған.
“Дуррул мухтар” кітабының алғы сөзінде былай делінеді:
“Хадис шәрифте: «Адам пайғамбар менімен мақтанғаны секілді мен де үмбетімнен шығатын есімі Нұғман, лақабы Әбу Ханифа деген адаммен мақтанамын» делінген. Бір хадисте: «Пайғамбарлар мені мақтаныш тұтады. Ал, мен Әбу Ханифаны мақтаныш тұтамын. Оны жақсы көрген кісі мені жақсы көрген болып есептеледі. Оған дұшпандық жасаған адам маған дұшпандық жасаған болады» делінген. Ибн Хажер Мекки хазреттері “Хайрат-ул хисан” кітабында мына хадисті келтіреді: «Дүние жүзінің безегі жүз елу жылында көтеріледі». Ұлы фиқһ ғалымы Шамс-ул-аимма Абдулғаффар Кәрдәри: “Бұл хадис шәрифтің Имам Ағзам Әбу Ханифаны көрсетіп тұрғаны анық. Өйткені 150 жылы қайтыс болды” деді. “Бұхари” мен “Мүслим” хадис жинақтарында келген хадис шәрифте: «Имандылық Шолпан жұлдызына кетсе, Фарис ұлдарының бірі оны алып келеді» делінген.
Шафии мазһабының ғалымы Имам Суйути: “Бұл хадис шәрифтің Имам Ағзам туралы айтылғанын ғалымдар бірауыздан хабар берді” деген. Нұғман Алуси “Ғалийа” кітабында бұл хадистің Әбу Ханифаны меңзейтінін, әкесінің парсы тегінен шыққанын жазады. Имам Ғазали (рахметуллаһи та’ала алейһ) “Ихйа-ул улумид-дин” кітабында Имам Ағзамды тақуалы, Аллаһ ғашығы, әулие адам деп мақтайды. Сахабалардың және дін ғалымдарының бір-бірінен ерекшеленетін сөздерін бір-бірін ұнаптағандықтан айтылған деп есептеуге болмайды. Мүжтәһидтер (рахметуллаһи та’ала алейһим әжмаин) Аллаһ үшін, дінге қызмет үшін ижтиһадтарында бір-бірінен ерекшеленеді.