Untitled Document

Сұхбат - Көмекке асығу

Имам Раббани хазреттерінің ұлы Мұхаммед Масум хазреттері былай дейді:

Аллаһу та’ланың құлдарына қызмет етуге талпыну керек. Раббымыздың құлдарына қызмет ету арқылы дүниеде және ахиретте ниғметтерге қауышатынын ойлау керек. Адамдармен жұмсақ мәміледе болудың, оларға жақсылық жасаудың, олардың жұмыстарын жылы жүзбен, жылы сөзбен орындаудың Аллаһ разылығына қауыштыратын жол екенін білу керек. Ахиреттің азаптарынан құтылуға және жәннат ниғметтерінің артуына себеп болатынына еш күмәнданбау керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Аллаһу та’ала құлдарының қажеттіліктерін жаратып, жібереді. Аллаһтың ең жақсы көретін құлы, Оның ниғметтерінің құлдарына жетіп баруына себепші болған адам.»

«Мұсылман мұсылманның бауыры. Бір-бірінің көңілдерін қалдырмайды, ренжітпейді. Бір адам дін бауырының бір ісіне көмектессе, Аллаһу та’ала да оның ісін жеңілдетеді. Бір адам бір мұсылманның қиыншылықтарын кетіріп, оны қуантса, қиямет күнінің ең қиын кезеңдерінде Аллаһу та’ала оны қиыншылықтан құтқарады.»

Күннің тарихы - Фатих Сұлтан Мехмет хан

Тарихтағы ең ұлы билеушілерден болған Фатих Сұлтан Мехмет Хан, 3 мамыр 1481 ж қайтыс болған.

Фатих Сұлтан Мехмет Хан Осман Падишахтарының жетіншісі ІІ Мұрат Ханның ұлы және ІІ Баязид Ханның әкесі. 1431 ж Эдирна қаласында туылған. 22 жасында Стамбулды жаулап алып, Византия империясын құлатқан бұл ұлы билеуші, Албанияны, Босния және Герцеговинаны алған, Греция жеңісін тамамдап Балкандарды қол астына біріктірген. Трабзон-Рим Понтус мемлекетін құлатқан. Барлығы 2 империя, 4 корольдік, 6 ханзадалық және 5 герцогтық болып 17 мемлекет жаулаған.