Untitled Document

Денсаулық - Электрондық темекі зиянды

Соңғы кезде темекіні тастауды қалағандардың арасында қолданымда жүрген электрондық темекінің зияндылығын көпшілік ескермеуде. Денсаулық сақтау ұйымдары және АҚШтың азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау басқармасы (FDA) тарапынан осыдан 5 жыл бұрын-ақ электрондық темекіге қатысты ескертулер жасалып, қазіргі таңда Бразилия, Тайланд, Сингапур және Австралия сыңды елдерде электрондық темекіге тыйым салынған.

FDA-ның 18 түрлі электрондық темекіге жасаған зерттеуінде, жартысының канцерогенді екені және түтінінің құрамында нитрозамин бар екендігі анықталып, 1 пайыздық шамада адамдар үшін уытты (токсичный) болатын диетиленгликоль анықталған. Сондай-ақ көпшілігінің түтіннің құрамында адам денсаулығы үшін зиянды екені бұрындары дәлелденген анабазин, миозмин және бета никотин табылған. Никотин жоқ деп білдірілгендердің барлығында төмен деңгейде болса да никотин табылды.

Канаданың Денсаулық сақтау агенттігі 2009 жылы электрондық темекілердің никотинмен улануға жол ашатыны немесе никотинге деген тәуелділікті арттыратыны сияқты кері әсерлерге себеп болатынын мәлімдеді.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электрондық темекінінің «Темекіні тастаудың емі» ретінде қабыл етілмейтінін мәлімдеген.
Электрондық темекі өндірушілеріне тиісті ешқандай бақылаудың жоқтығы, ешқандай бірегей стандарт, шектеулер белгіленбегендігі де алаңдатушылық тудыруда. Мәселен кейбір төменгі сортты пластиктерден жасалған электрондық темекілерде, пластмастың қызуымен пайда болатын фенол сыңды уытты заттар бөлінуімен қатар, қатерлі ісікке себеп болатын кансерогендер де көптеп кездеседі.