Әдеп-ахлақ - Әдептілік – Ұяттылық (1)
Әдеп – жақсы тәрбие, жақсы мәміле, көркем мінез, ұяттылық, нәзіктік, сыпайылық деген сияқты мағыналарға келеді. Хадис шәрифте: «Бала-шағаларыңды әдепті, тәрбиелі етіп өсіріңдер» делінген. Дініміздің негізі әдеп. Әдеп - құл өзін Аллаһу та’аланың қалауына бағындыру, жақсы мінезді болу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте «Араларыңдағы ең жақсыларың, ең көркем мінезді болғандарың» делінген. Хазреті Омар «Әдеп – ілімнен бұрын келеді» деген. Ол өте айбатты болуына қарамай, әдептілігінен, ұяттылығынан Расулуллаһтың жанында өте ақырын сөйлейтін еді. Пайғамбарымыз да, бір адамның жанында тізерлеп отыратын, ол адамға құрмет көрсету үшін мүбәрәк аяғын тік көтеріп отырмайтын еді. Әбу Саид Худри хазреттері «Расулуллаһтың ұяты, бойдақ ислам қыздарының ұятынан да көп еді» дейтін. Ибн Мүбәрәк хазреттері «Барлық ілімдерді білетін адамның әдебінде кемшілік бар болса, онымен көріспегеніме өкінбеймін, мұны өзіме зиян деп білмеймін. Бірақ әдепті адаммен көрісе алмасам өкінемін» дейтін. Барлық уақытта, барлық жерде әдепті, ұятты болуға тырысу керек! Хадис шәрифте:«Ұятсыздық адамды күпірге түсіреді»- делінген. Ұят - ғимаратты ұстап тұратын тірек тәрізді. Тірексіз ғимараттың тұруы қиын болғанындай, ұятсыз адамның иманын қорғауы да қиын болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Аллаһу та’аладан ұялыңдар! Аллаһтан ұялған адам, жаман ойдан алыс тұрады, асқазанына түскендерді қадағалайды, өлімді еске алады» (Тирмизи)
«Ұяттылық –бастан-аяқ (толығымен) жақсылық» (Мүслим)
«Ұятсыз адам үнемі жамандық жасайды.» (Ибн Мажә)
«Ұятсыз адам аманатқа қиянат етеді, қиянатшыл болады, мейірім сезімі қалмайды, діннен ұзақтайды, лағынетке ұшырайды, шайтан сияқты болады.» (Дәйләми)
«Мүмин айыптамайды, лағынет етпейді, жаман сөз айтпайды және ұятсыз емес.» (Тирмизи)
(Жалғасы ертең...)