Ресей Федерациясы
Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан, жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан арасындағы шекара әлемдегі ең ұзын шекара болып табылады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Монғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста – Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі. Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, ұзақ қысымен және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аумақты аймаққа бөлуге болады: 1) Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр. 2) Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр. 3) Қиыр Шығыс Ресейі.
Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге (Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды. Ресей аумағының 1/4-і Еуропада, 3/4-і Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды. Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ. Ресей жері орман және су ресурсына да бай. Ресейде 2,5 млн-нан аса өзен, 2 млн-ға жуық көл бар. Дүниежүзіндегі ормандардың 22%-ы Ресейге тиесілі. Ресей Федерациясы халқының саны 2010 жылғы санақ бойынша 142 905 200 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүниежүзінде 9-орын алады.