Отбасы - Ұялы телефон балаларды жарақаттауда
Англияда жасалған зерттеулер нәтижесінде ойын парктарында жараланған балалардың санының соңғы бес жылда үш есе көбейгені мәлімденді. Ғалымдар бұл келеңсіздіктердің себебін соңғы жылдары қарқынды дамыған ұялы телефондармен ұштастыруда. Қалтадағы компьютерге айналған ұялы телефондар ата-аналардың назарын бөлетіндіктен, балаларына жеткілікті түрде көңіл бөлмейтіндіктерін айтуда. Бұл зерттеу ата-аналар үшін шынымен де ойланарлық шындықты білдірді деуге болады.
Мамандардың жасаған зерттеу нәтижесінде паркта ұялы телефондарына келген хаттарға қарайтын және электрондық пошталарын тексеретін, ғаламтордағы социалды сетьтерге байланып, ең берісі телефондағы ойындарға еніп кететін ата-аналардың балаларына көңіл бөлмейтіні және бұны байқаған бала да әкесінің немесе анасының назарын тарту үшін қауіпті әрекеттер жасайтыны мәлімденді.
Мамандар 2011 жылы аулада, ойын паркінде ойнап жүріп жарақаттану салдарынан 9564 баланың емханаға түскенін атап өтті.
Ата-аналардың өздерін басқарып жүрген телефонға тәуелді болудан арылуды және балаларымен уақыт өткізер кезде олардан ұзақ тұруларын ескертті.
Күлімдейік - Сауда-саттық
Қожанасыр базардан бір келі алма сатып алмақ болады. Сатушының таразыдан жегенін көріп:
– Кем өлшеп, толық ақша алмақпысың, мұның не?- дейді. Сатушы езуін тартып:
– Ауыр болып, сізді көтеріп жүруге қиналмасын дегенім ғой!- деп жауап береді. Бұған Қожекең:
– Олай болса, Міне ақшаң, санауда қиналып қалмасын деп мен де саған ақшаны кемітіп бердім!-дейді.