Untitled Document

Сұхбат - Уәжіптерден кейбірлері

Уәжіп – орындалуы парыздай нақты, бірақ Құран кәрімде дәлелі парыздай анық болмаған әмірлерге айтылады. Уәжіптің үкімі парыз сияқты. Уәжіпті тәрік ету тахриман мәкрух. Ғибадаттардағы уәжіптерден кейбірлері мыналар:

• Нәзірді (атағанын) орындау.
• Бастаған нәпіл намазын бітіру.
• Үтір намазын және құныт дұғасын оқу.
• Намазда бір парыздан екінші парызға өтуді, мысалы қиямнан рукуға иілуді және сәждеден қиямға тұруды кешіктірмеу.
• «Ассаламу алейкум уә рахматуллаһ» деп намазды бітіру.
• Парыздардың екі рәкатында және басқа намаздардың әрбір рәкатында Фатиха сүресін оқу.
• Фасид болған, яғни бұзылған сүннет және нәпіл намаздарды қайта оқу.
• Алғашқы екі рәкатта Фатиха сүресін оқу.
• Фатиха сүресін зәм сүреден бұрын оқу.
• Намазда соңғы отырыста әттәхийатуді оқу.
• Намазда бірінші отырыста отыру және әттәхийатуді оқығаннан кейін көп күтпей қиямға тұру.
• Айт намаздарын оқу және құрбан айтта, Арапа күні таң намазынан бастап, құрбан айттың төртінші күні екінді намазына дейін парыздардан соң тәшриқ тәкбирін оқу.
• Жамағатпен оқылған намазда имамға ұю.
• Намазда зәм сүресін оқу.
• Нисаб (байлық) мөлшеріне ие адамның пітір беруі және құрбан шалуы.
• Рукуде үш рет субханаллаһ дейтіндей уақыт қимылсыз тұру.
• Рукуден қиямға тұрған кезде және екі сәжде арасында отырғанда бір рет субханаллаһ дейтіндей уақыт қимылсыз тұру.
• Қажет болғанда сәһу сәждесін жасау.
• Сәжделерді бірінің артынан бірін жасау.
• Дауыстап оқитын жерде дауыстап, дауыссыз оқитын жерде дауыссыз оқу.
• Тадил-и әрканға мән беру, яғни намазда бес жерде, рүку, екі сәжде, қаумә және жәлсада мүшелердің қимылсыз болуы.
• Тахримән мәкрухты тәрк ету.
• Тилауат сәждесін жасау.