Untitled Document

Әлем - Ең үлкен Мұсхаф

Ауғанстанда бір каллиграф, бес жыл еңбек етіп, дүниедегі ең үлкен Құран кәрімді жазып шықты. Жобаның бас жетекшісі Мұхаммед Сабыр Хедри, 30 жылдан бері болып жатқан соғыстар Ауғанстанның мәдени мұрасын және әдет-ғұрыптарын жоғалтпағанын көрсету үшін осындай рекордтық қадамға барғанын айтты.

Ауғанстанның Қажылық және Діни Істер Министрлігі тарапынан әлемдегі ең үлкен Мұсхаф деп қабылданған Құран кәрімнің көлемі 2,28Х1,55 метр. Ескі рекорд Ресейдің Татарстан Республикасындағы 2Х1,5 метр көлеміндегі Мұсхаф еді.

Мата және қағаздан жасалған бұл Мұсхафтың салмағы 500 кг және 218 беттен тұрады. Өзіндік құны жарты миллион долларды құрайтын Мұсхафтың мұқабасының өзіне 21 ешкінің терісі қолданылған.

Бұл Мұсхаф 1980 жылдары құрылған, заманында 50 мыңға жуық кітап қоры болған мектеп, медицина орталығы және тоқыма шеберханасы бар мәдениет орталығына қойылды.

Зекертік жұмбағы - Қандай түс

3 адамға екеуі қызыл, екеуі қара түсті болған 4 баскиімнен кездейсоқ үшеуін кигізеді. Баскиім киген кісілер өздерінің басындағы бас киімнің түсін көре алмайды. Алдындағы екі адамдікін көреді. Әркім өздерінің басындағы баскиімнің түсін табуы керек және бір рет қана айту мүмкіншіліктері бар. Басындағы баскиімнің түсін қалай таба алады?

(Жауабы ертең)