Денсаулық - Сарымсақ – ең жақсы антибиотик
Сарымсақтың құрамындағы элементтің тамақтың улануына қарсы ең жиі қолданылатын екі танымал антибиотиктен 100 есе қуаттырақ екені анықталды. Құрамындағы диаллилдисульфид, ауруға жол ашатын және бактеряның жойылуын қиындататын әртүрлі биопленкаларды жояды. «Antimicrobial Chemotherapy» журналында жарияланған мақалада бұл элементтің тамақтан уланудың емделуінде жаңа бір жол ашатыны мәлімденді.
Washington State университетінің докторы Майкл Конкел былай деді: «Бұл өте қобалжытатын нәтиже. Өйткені айналамыздағы бактериялардың және азықтардың жол ашатын уланудың алдын алатын басымдылықтарды көрсетеді.» Campylobacter – АҚШта және дүниеде ең көп кездесетін тамақтан улануға себеп болатын бактерия. Оның белгілері әдетте құсу, түйілу, іш ауруы және дене қызуы болады.
Әлем - Хикмет
Байлығының бәрін тастап қара жерге кірмей ме,
Құл ақысын жегендердің ажалдары келмей ме,
Ахиретте амалдардан Хаққа есеп бермей ме,
Күнәларға булыққанның ар-ожданы сөнбей ме,
Жаман қылық қанға сіңіп дағды болып өнбей ме,
Екі күндік дүниеде сауап жиып термей ме,
Көзден перде алынғанда ақиқатты көрмей ме,
Осыларды білетіндер адал ғұмыр сүрмей ме,
Құлшылық қып екі дүние бақытына ермей ме!