Сұхбат - Өлiмдi қалай түсiнуге болады?
Өлiм - жоқ болу деген сөз емес. Өлiм - рухтың денеден айрылуы. Өлiм - адамның бiр халден екiншi халге енуi. Бiр үйден екiншi үйге көшу сияқты. Омар бин Абдулазиз былай дейдi: «Сiздер тек мәңгiлiк әлемге бару үшiн жаратылдыңыз. Тек қана бiр үйден басқа бiр үйге көшесiздер». Өлiм иман келтiрген адам үшiн сыйлық, ниғмет, ал күнәһарлар үшiн қайғы-қасырет. Адам өлiмдi қаламайды. Дегенмен өлiм фитна-бүлiктен жақсы. Адам өмiр сүрудi жақсы көредi. Дегенмен өлiм оған қайырлы. Шынайы мұсылман, өлiм арқылы дүниенiң қиындығынан құтылады. Жазықсыз жәбiр көріп жатқан құлдар, залымдардың қиянатынан, зұлымдығынан осы өлiмнiң арқасында құтылып рахатқа қауышады.
Мүмин үшiн, денеден жанның айрылуы, тұтқынның қапастан құтылуы сияқты болады. Мүмин өлгеннен кейiн бұл дүниеге қайта келiп шәһид болуды қалайды. Өлiм әр мұсылманға сыйлық. Адамның дiнiн тек мазары қорғайды. Мазардағы өмiр болса не жәннат бақшасында, не тозақ шұңқырында өтеді.
Өлiм хақ
Өлiмнен құтылу мүмкiн бе? Әрине жоқ! Адамның бiр минут өмiр сүру мүмкiндiгi де өз қолында емес. Ажалы келген өледi. Бұл уақыт көз ашып жұмғанға дейiн өтетiн бiр сәт. Құранның бiр аятында: «Ажалдары келгенде, оны бiр сағат алға не кейiн жылжыта алмайды»- делiнген. Аллаһу та’ала бiр адамның өлiмiн қай жерде жазса, ол адам мал-мүлкiн, бала-шағасын тастап, сол жерде қайтыс болады. Аллаһу та’ала бiздiң бiр күнде қанша рет тыныс алатынымызды бiледi. Ол білмейтін еш нәрсе жоқ. Өмiрiмiз иман етiп, ғибадатпен өткен болса, соңы бақыт, яғни мәңгі жәннат болады. Аллаһу та’ала Әзрейіл алейһисселамға: «Досымның жанын оңай ал, дұшпандарымның жанын қинап ал!»- деп бұйырды.
Бұл иман келтiргендер үшiн қол жетпес үлкен бақыт! Ал иманнан махрұм қалып, өмiрiн қалай болса солай өткiзiп жүргендер үшiн қандай үрейлi пәлекет!