Әлем - Непалда мәйіттерді өртеу әдеті
Непалда өлген адамдар өзендердің жағасында өртеледі. Әсіресе ауылдық жерлерде өлген кісінің әйелін де күйеуінің денесіне байлап тірідей өртейді.
Өзен жағасында жанып жатқан және жағуға дайындалып жатқан қатар тізілген мәйіттер. Жақындаған сайын күйген еттің иісі мұрынды жарады. Құжынаған адамдар жан-жақтан алып келген отындарын тізбектеп жинаумен әуре. Шетте қарап тұрған әйелдердің арасынан өлген адамның әйелін шақырылды. Мәйітті 3 рет айналдырып, денесін суға параллел күйде және аяқтарын судың ағыс жағына қаратып, отындардың үстіне жатқызды. Сол уақытқа дейін тыныш тұрған әйел: «Добооо! добооо!» деп айқайлады. Біреу мәйіттің үстіне бензин құйып шықты. Мәйіттің бауырларынан біреуі отты жағып, алдымен мәйіттің бас жағын, кейін аяқтарын өртеді. Айнала сол сәтте-ақ қара ала түтінге боянды. Мәйіттің ұлы қолындағы таяғымен отындарды ары-бері жылжытып, анасының бас жағындағы өртті шетке ығыстырды. Басы ашылғанында, қолындағы таяғымен дереу басын ұрып, бөлшектеп жіберді. Сенімдері бойынша ол анасының рухын азат етуде еді. Сондай-ақ ұлы тарапынан өртелмеген ата-ананың жаннатқа кіре алмайтындығына сенетіндіктен, ұл тумаған әйел отбасысы үшін қарабет болып есептеледі. Қалған мәйіттер де рет-ретімен өртеле бастады. Бір кішкентай қыздың: «Бида! Бидааа!» (Әке! Әкеее) деп айқалаған дауысы өрттің түтінімен бірге көтеріліп көкке тарағандай болды.
Әр күні жүздеген мәйіт өртелетін бұл жерде, қаншама туристтер 5 доллар беріп, бұл өртеу салтын таң қалып тамашалайды. Өртелген мәйіттердің күлдерін теңізге тастайды. Таңқаларлығы өзгелерді отқа тастап күн кешетін және храмдарында маңдай терсіз басқалардың табысымен күн көретін үнді монахтары бұл салттан аман қалады екен. Непалдықтардың пікірі бойынша монахтар онсызда жаннаттық, оларды өртеудің қажеті жоқ. Сол себепті олар өртелмейді, өлген кезде жерге көміледі. Сиырларын қасиетті деп санап соймай, өздігінен өлуін күтетін непалдық үнділер, жаратылыстың ең үстемі болған адамға сол құрметті көрсетпейді.
Саяхаттың қысқаша қорытындысы мынау болды: Ислам дінінің қадірін біліңдер және шүкір етіңдер!