Untitled Document

Денсаулық - Мидың саулығы

АҚШта Минеаполис Неврология Клиникасында адамның есте сақтау қабілетін 30 жылдан астам зерттеген неврология маманы Фитз Строблдың кеңестері:

Ми денеміздің компьютері және әрқашан жаңа мәлімет алуды қажет етеді. Әр күні жасайтын қарапайым белсенділігімізбен ми жаттығуларын жасаған боламыз. Жаттығулар жасағанымызда миымызға қан жүгіреді және сондай-ақ стресстен құтылуға көмектеседі және көңіл күйімізді жақсартады.

Ми темекі және спиртті ішімдіктерден қатты зардап шегеді. Мамандардың айтуы бойынша күніне 6-8 сағат ұйықтау керек. Миға оттегі және глюкоза өте қатты қажет. Ми бұларды сақтамайды. Күнделікті азықтарымызда құрамында омега-3 бар жаңғақ, балық сияқты тағамдарды тұтынуға немқұрайлы қарамау керек.

Жүйелі түрде таңғы ас жеудің ми фукцияларын арттыратыны және зеректікті дамытатыны анықталды. Күніне бір стакан кофе ішу альцгеймер ауруына жақсы әсер етеді. Аз мөлшерде кофеин болған шайдың құрамында көбірек антиоксидант бар.

Өлшемді түрде көңіл көтеру зейінді әрекет еттіреді. Сондай-ақ жақсы достармен көңілді уақыт өткізу де стрестің алдын алады.

Құрметті оқырман!


Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.