Untitled Document

Күннің тарихы - Харун Рашид

Харун Рашид Аббаси халифаларының бесіншісі. Мұхаммед Мәһдидің ұлы Жафар Мансурдың немересі. Қабірі Тус қаласында. Бауыры Мұса Хади қайтыс болғанында халифа болады. Әкесінің заманында екі рет Римдіктермен соғысып қаһармандық танытқан. Халифа кезінде Ерегли қаласына дейінгі жерлерді жаулап алды. 9 рет қажылыққа барып, Мекке және Мадина халқына көп сияпаттар жасады. Ілім және қолөнер иелеріне аса мән берді, олардан көмегін аямады. Өте әділетті еді. Харун Рашид 809 жылы Бағдатта қайтыс болды.

Имам Әбу Юсуф былай айтып береді:

Әкем қайтыс болғанында мен кішкентай едім. Хазреті Имам Ағзамның дәрістеріне қатысуды жалғастыра бердім. Бір күні анам ұстазымызға келіп айтты: “Ұстаз біз мұқтажбыз. Баламның жұмыс істеп ақша табуы керек.” Сонда ұстазымыз:

- Сен оған тиме. Ол мұнда сары май, пісте және бадам езбесін жеуді үйреніп жатыр. Оның табатын ақшасын мен беріп тұрайын.

Анам бұны мақұл көріп қайтып кетті. Аллаһу та’ала маған ілімде көп нәрселер нәсіп етті. Кейінірек маған қазылық лауазымы берілді. Бір күні Аббаси халифасы Харун Рашидпен дастархан басында отыр едік. Дастарханға сары май, пісте және бадам езбесін алып келді. Мен күлгенімде себебін сұрады. Хазреті Имам Ағзаммен байланысты болған осы оқиғаны айтып бердім. Харун Рашид “Шынында да ілім адамды биікке көтереді.” деп бұйырды.

Жануарлар әлемі - Адасқан тотықұс мекен-жайын айтты

Жапонияда үйінен адасып жоғалған тотықұс, иесінің мекен-жайын айтып, үйін тауып бара алды. Полиция қызметкері, Токионың батысындағы Сагамихара қаласында орналасқан үйінен таңертең қашып кеткен тотықұстың жақын арадағы бір қонақ үйге келген адамның иығына қонғанын, ол кісі тотықұсты полицияға алып келгенін айтады. Есімінің Пико-чан екенін айтқан тотықұс өзінің тұратын қаласын, үйінің қай жерде екенін және үйдің нөмерін 3 рет қайта-қайта айтып иесін тауып алады. Пико-чанның иесі бұдан алдыңғы тотықұсын жоғалтып алғандықтан, алғанына 2 жыл болған бұл тотықұсына мекен-жайын жаттатқан екен.