Untitled Document

Күннің тарихы - Мұхаммед Саид Рамазан Әл Бути

1929 жылы Туркия мен Ирактың шекарасындағы Жизра қаласының Желека ауылында дүниеге келген. Әкесі Молла Рамазан (1888-1990) Нақшилердің шейхі болған. Мұхаммед Саид атақты шафии ғалымы Хасан Хабаннакадан тәлім алады. Әл-Азхар университетінде оқып, фиқһ бойынша докторлық дәрежесін иемденеді. Кейін Шам шариғат факультетінің деканы болды. «Мазһабсыздық – исламға қауіп төндіретін ең үлкен фитна» атты кітабы мәшһүр. Сүйікті пайғамбарымыздың өмірін түсіндіретін «Фиқһус-сира» атты кітабы мен шариғи үкімдерде илаһи мақсаттарды түсіндіретін «Дауабитул Маслаха» атты кітабы өте құнды кітаптар болып табылады. 60-қа жуық кітаптары бар. Газет, журналдарға әрқашан өзекті діни тақырыптарда мақалалар жазып, әр апта теледидарда уағыз айтатын. Шамдағы Әмәуи мешітіндегі хұтба және сабақтарын жүздеген адам тыңдайтын. Былтыр 21 наурыз күні уағыз жүргізетін Әмәуи мешітінде қастандыққа ұшырап қайтыс болды.

Өте ақылды, фиқһи мәселелер бойынша білікті ғалым, фәтуалары ашық және түсінікті еді. Бір замандары Сауд Арабстанның бас муфтиі мазһабсыз Абдулазиз бин Баз болатын. Оның екі көзі соқыр болатын. Осыдан 20 жыл бұрын Абдулазиз бин Баз Рияд қаласынан, ал Рамазан Бути Шам (Дамаск) қаласынан телеконференция жүйесімен бір теледидар бағдарламасына қатысады. Ибн Баз адасқан мазһабсыздық пікірлерін айта бастайды. Аллаһтың қолы, көзі бар екендігін, адамға ұқсайтынын аяттардан мысал келтіріп, дәлелдеуге тырысады. Ал Рамазан Әл-Бути болса, бұл аяттардың «мүтәшабих» деп аталатын ауыспалы, астарлы мағыналы аят екендіктерін ұзақ түсіндіреді. Ибн Баз адасушылығында табан тіреп тұрып алады. Сол кезде Бути: «Құран кәрімде, кім дүниеде соқыр болатын болса, ахиретте де соқыр болады. Баратын жері өте жаман болады делінген», деп Ибн Баздың соқыр екендігіне ишара етті. Яғни «Ауыспалы мағыналы аяттарға сенбесең, демек сен жаһаннамдықсың» деп айтпақшы болды. Ал негізінде аяти кәримадағы «соқыр» деген сөз, «шындықты көрмеу, яғни иман келтірмеу» дегенді білдіретін еді. Ибн Баз аузына құм құйылғандай жым-жырт қалады.