Денсаулық - Албырт балығы
Албырт (лосось) балықтары – жүрегіміздің досы деп саналатын, суық суларда өмір сүретін, латынша Салмонем деп аталатын және өте көп түрі бар балықтардың тобы. Албырт балығы негізінде теңіз балығы болса да өзендерде көбейеді. Уылдырықтан шыққан балалары, өмірге келген жерлерінде қоректеніп жетіледі. Екі жылдай уақыт өзенде өмір сүреді, балалары 15-20 см болғанда теңізге көшіп, бірнеше жылдарын сонда өткізеді. Балық жақсылап жетілгеннен кейін артқа қайту сапарын бастайды. Олардың баратын жері, дүниеге уылдырық күйінде келген алғашқы мекені. Бұл өте қиын іс, өйткені балықтың қайту сапарында өту керек болған қашықтық кейде 1500 км болады. Албырт балықтары, жолдарын аң аулайтын иттердікіндей сезімтал болған иіс сезу мүшелері арқылы табады.
Олар бұл өте қиын болған кері қайту сапарын тек уылдырық шашатын маусымда жасайды. Көбею уақытында ұрғашы және еркек балықтары бір-біріне байланысты жұп қалыптастырады. Жұмыртқалаудан кейін бұл жұп өледі.
Еті ақ түсті және майлы болады. Пайдалы витаминдерге бай және құрамындағы Омега 3 майының жүрек, тамыр ауруларына пайдасы бар екені және холестеринді түсіретіні анықталған. Албырт балығын әртүрлі жолдармен пісіруге болады. Темір торда, буда, пеште немесе қайнатып пісіруге де болады.