Untitled Document

Тарих - Түркі тарихындағы жаңалық

Былтырғы жылы Моңғолияның астанасы Улан Батордан 400 км қашықтықтағы аймақта қазба жұмыстарын жүргізген жапон профессоры үлкен жаңалық ашты. Осака университетінде көне түрік тарихының маманы ретінде қызмет атқаратын профессор Такаши Осава, Түрік қағанатына тән болған қазіргі кезге дейінгі ең құнды екі жазба ескерткішті тапты. Екі ескерткіштің көлемдерінің ені - 4 метр, ал ұзындығы - 3 метр. Жазбалар 20 қатар және 2832 бағана күйінде. Бетіне көне түрікше әріптермен ойылып жазылған ескерткіш тастар сарапталды. Ескерткіш бетіндегі жазуларда «Ах үйім!», «Ах жерім!» деген сияқты жақындарынан айрылған адамдардың немесе үйлерін еріксіз тастап кетуге мәжбүр болғандардың мәтіндері кездесетіні мәлімденді.

Жазбаның Орталық Азияда 682-744 жылдар аралығында билік еткен түркі мемлекетінің мемлекеттік жүйесін және тәртібін баяндайтын тарихи мұра екені анықталды. Осыдан 121 жыл бұрын да Моңғолияда Түрік қағанатына тән Орхон жазбалары табылған болатын. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.

Зекертік жұмбағы - Үш лампа

Бір бөлмеде 3 лампа бар, ал бұлардың қосқышы (включатель) басқа бөлмеде. Лампалардың барлығы сөнік тұр. Лампалар тұрған бөлмеге бір рет қана баруға болады. Қай қосқыш қай лампаға тиесілі екенін бір рет қана барып келіп қалай анықтауға болады?

(Жауабы ертең...)