Сұхбат - Құран кәрімді әркім түсіне алмайды (2)
Құран кәрімге өз басынша мағына берудің, өз көзқарасымен тәфсир жасаудың үлкен зиянын жақсы білген хазреті Әбу Бәкір «Құран кәрімді өз көзқарасыммен тәфсирлеуге бет алсам, мені қай жер көтерер еді, қай көк мені көлеңкелер еді.» деген. (Ширъа)
Құран кәрімді арапша білетін адам да толық түсіне алмайды. Тіл білу басқа, ілім білу басқа. Хадис шәрифте «Құран Аллаһтың мәтін жібі. Мағыналарының барлығын түсіну мүмкін емес» деп бұйырылған. Құран кәрім өте уәжиз (аз сөзде көп мағыналар берілген) екендігі және бітпейтін, таусылмайтын мағыналарының барлығы бізге білдірілген күнде де оны жазу үшін қағаз және сия жетпейтіні былай білдірілген: «Оларға айт: Раббымның (хикметті) сөздері үшін теңіздер сияға айналса, оған тағы да соншама теңіздер қосылса, теңіздер бітеді, Раббымның сөздері бітпейді.» (Кәһф 109)
Мәудуатул-улум кітабында былай делінеді: «Құран ілімі – іші таңғажайып, ақылдарды таңқалдыратын сансыз көп ғажайып халдерге толы шексіз теңіз. Ондағы барлық ілімді үйрену, оның сырына жету мүмкін емес.»
Адамдардың жазған Конституцияның өзін түсіне алу үшін юристтерге жүгінеміз. Заңның бір бабынан жұртшылық бірдей нәрсені түсіне алмай жатқанда Аллаһтың сөздерін қалай дұрыс түсіне аламыз?
Біз сияқтылардың тәфсирден дін үйренуі мүмкін емес. Тәфсирден дәреттің парызын да үйрену мүмкін емес бола тұра, ақидаға қатысты ілімдерді үйрену қалай мүмкін болмақ? Ислам ғалымдары жылдар бойы еңбек етіп, Құран кәрімнен шығарған үкімдерін кітаптарға түсірген. Әрбір мұсылман қай мазһабта болса, сол мазһабына тиісті кітаптарды оқып, дінін үйренуі тиіс. Әрбір істі маманынан үйрену керек. Фиқх кітаптарын оқуды «бәледей» көрсетіп, «Дінді Құраннан, тәфсирден үйреніңдер» деп сандырақтайтындар егер надан болмаса, дінде бүлік шығаруды көздеген қиянатшы, азғын адамдар. Мазһаб имамдарымыз «Ғалымдардан сұрап үйреніңдер» деген аяти кәримаға мойынсұнып, Құран кәрімнің мағынасын Табииндерден және Сахабалардан үйреніп, кітаптарға түсірген. Басқа ғалымдар да бұлардың кітаптарынан, тәфсирден және хадистен түсінгендерін біз секілді қарапайым адамдарға оңай, жетік қылып үйрету үшін мыңдаған Фиқһ, Илмихал кітаптарын дайындаған. (Биргиуи)