Untitled Document

Сұхбат - Құран кәрімді әркім түсіне алмайды (1)

Құран кәрімді толықтай тек Расулуллаһ алейһиссалам түсінген. Өйткені Құран кәрім пайғамбарымызға түскен. Одан басқа адам толық түсіне алмайды. Сол себепті Аллаһу та’ала «Адамдарға ашықтап түсіндіресің деп Құранды саған түсірдік.» деп бұйырған. (Нахл 44)
Қарапайым халық былай тұрсын, Құран кәрімді егер үмметінің ғұламалары толық түсіне алғанда және астарлы аяттарды ашықтай алғандарында Аллаһу та’ала пайғамбарымызға “саған уахи жолымен жіберілгендерді адамдарға жеткіз” дер еді, ашықтап түсіндіруін әмір етпес еді. Осы және осыған ұқсас аяттардың барына қарамастан «Расулуллаһтың Құранды әкелуімен жұмысы бітті, ол ортада хабарды жеткізуші ғана еді» дейтін мазһабсыз дүмшелер бар. Сахабалар адамзаттың ең саралары, ең үстемі, пайғамбардың шәкірттері болуларына және ана тілдері арапша болуларына қарамай, кейбір аяттарды түсіне алмай пайғамбарымыздан сұрайтын еді. Расулуллаһ Құран кәрімнің толық тәфсирін жасап сахабаларына түсіндірген. Аяттарға сахабалардың білдіргендерінен басқаша мағына беретіндер адасады, тіпті күпірге де түседі. Тәфсир ілімі жеке ой пікірге емес, нақлға сүйенеді. (Нақл ету: қысқаша біреуден естіген немесе оқыған нәрсесін білдіру деген сөз)
Хазреті Мұхаммед Масум Фаруқи былай деген: «Бір күні пайғамбарымыз хазреті Әбу Бәкірге нәзік марифат мәселелерін оның дәрежесіне қарай түсіндіріп жатқан еді. Қастарына хазреті Омар келгенде пайғамбарымыз сөздерін ол түсінетін деңгейге ауыстырды. Хазреті Осман келгенінде сөйлеу әдісін тағы өзгертті. Хазреті Әли келгенде сөздерін бәрі түсіне алатын деңгейге ауыстырды. Расулуллаһтың осылайша әр ретінде сөйлеу стилін өзгертуі ол жердегі адамдардың қабілеттерінің әр түрлі болуынан туындаған.» (1/59)

Хадис шәрифтерде «Менен кейін пайғамбар болмайды, болса, Омар болар еді», «Османның шапағатымен жаһаннамдық 70 мың кісі есепсіз жаннатқа кіреді» және «Мен ілімнің қаласымын, ал Әли оның есігі» делінген. Үшеуі де осыншалықты дәрежеде үстем болғанымен және арапшаны жақсы білгенімен хазреті Әбу Бәкірге түсіндірілген тәфсирді (Құран кәрімнің түсіндірмесін) түсіне алмады. Өйткені пайғамбарымыз әр адамға оның дәрежесіне қарай түсіндіретін еді.

(Жалғасы ертең...)