Untitled Document

Жануарлар әлемі - Бал аралар

Бал араларының бір колониясында 50 мыңға жуық ара болады. Мұндай құжынаған топта аралардың өзара үйлесімді, тәртіп ішінде өмір сүретіндігі соншалық, тіпті адамдар да ешқашан олай үмір сүре алмас еді. Аралар таң қаларлық табандылық және тұрақтылықпен еңбек етеді. Әрбір ара бір күнде өзінің салмағынан артық балды ұясына тасиды. Өмір бойы жарты келідей ғана бал жасай алады және ол үшін орта есеппен 37 мың рет ұшып, жылына 30 миллион километр жол жүреді. Ұясынан шыққан ара қаншама километр ұзақтардағы гүлді табу үшін ұшады. Гүлдің қажетті жерін алып, ұясына тасиды. Біздің циркуль және сызғышпен қиналып жасайтын алты бұрышты формадағы ұяларды жасап, ішіне гүлді салып, бетін балауызбен жабады. Бүкіл осылардың барлығын ара қай мектепте үйренген? Кейбірлері бұл сұраққа түйсік деп жауап береді. «Ал бұл түйсікті оған берген кім?» деп сұрасаң, ұғымды жауап бере алмайды.

Міне осы бал арасына бал жасатып бізге берген Аллаһу та’ала әрі өзін танытып, шүкір етуімізді қалауда. Аллаһқа сенгендер бұның жалғыз жаратушысы Аллаһ екенін біледі.

Құбыла бағыты қалай табылады?

Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.

Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.