Untitled Document

Тарих - Молла Фәнари

Османлы шейхулисламдарының біріншісі Мұхаммед бин Хамза (Молла Фәнари) 1424 жылы 28 ақпанда осы қызметке тағайындалды. Дін және жаратылыстану (физика, математика т.б) ғылымдарында өзінің өмір сүрген дәуірінің ең атақты ғалымы еді. Математика және астрономия ғылымдарын жетік меңгергерді. Көптеген шәкірттер жетілдірді. 1431 жылы қыйтыс болды. Екі ұлы да өзі сияқты ғалым еді. Қабірі Бурса қаласының Максем ауданында. Йылдырым Баязид және Челеби Сұлтан Мехмед хандардың дәуірінде Бурсада мыңдаған ғалымдар жетілдірді.

ейхулисламдық қызметін әділ түрде 6 жыл атқарды. Қайтыс болғанында, артында он мыңнан астам кітаптары қалды. Тәфсир, фиқһ және логика ғылымдарында әртүрлі еңбектері және фәтуалары бар.

Бір кездері көзі көрмей қалады. Бір күні түнде расулуллаһ түсінде «Таһа сүресіне тәфсир жаса!» деп бұйырғанында «Сіздің жоғары мәртебеңізде Құран кәрімге тәфсир жасауға күшім жетпейді, сондай-ақ көзім де көрмейді» деген кезде, сүйікті пайғамбырымыз киімінен бір бөлік мақта алып, көзіне қояды. Хазреті Молла Фәнари оянғанында, мақта көзінің үстінде тұрған болады. Мақтаны алғанында көздері көріп, Аллаһу та’алаға шүкір етеді. Өмірінің соңына дейін мақтаны сақтап жүреді, қайтыс болғанында көзіне қойып жерлеуді өсиет етеді.