Ғибрат - Құл ақысынан қатты қорқу керек
Бәдір соғысынан кейін тұтқындарға жасалатын мәміле туралы Са’д бин Муаз хазреттерінің ижтиһады хазреті Омардың ижтиһадымен бірдей болған еді. Басқа сахабалардың барлығы тұтқындардан фидйа алуды дұрыс деп тауып, шешім солай қабылданады. Бірақ бұл мәселе жөнінде аяти кәрима түсіп, хазреті Омар мен хазреті Са’д бин Муаздың ижтиһадтарының дұрыс болғандығын білдіреді. Сүйікті пайғамбарымыз былай дейді: «Маған азап көрсетілді. Егер Алаһу та’ала кешірмегенде, Омар мен Са’дтан басқа барлығымыз құритын едік.»
Хазреті Са’д бин Муаз сүйікті пайғамбарымыздың өте жақын адамы және қатты жақсы көретін сахабасы еді. Мұсылман болған кезінде оған кәпірлер тарапынан жан түршігерлік азаптар жасалған болатын. Қайтыс болғанында сүйікті пайғамбарымыз қатты қамығады. Жаназа істеріне қатысады. Қабірге барар жолда алдымен шапанын, кейін аяқ киімдерін шешіп, табыттың бір мына жағына, бір арғы жағына өтіп жүгіріп жүреді. Сахабалар сүйікті пайғамбарымыздың бұл әрекетін түсінбей, таң қалып қарайды. Кейін расулуллаһ қабірге түседі. Қабірді жөндеп оны орналастырады. Пайғамбарымыз қабірден ренішті, мұңлы халде шығады . Сахабалар бұл жағдайды түсінбей, таң қалып сұрайды:
- Йа Расулаллаһ, табытты алып келе жатқан кезде не үшін шапаныңызбен аяқ киіміңізді шештіңіз?
- Бүкіл періштелердің киінуі солай болғаны үшін.
- Табыттың екі жағына жүгіріп өтуіңіздің себебі не еді?
- Бауырым Жәбрейіл қолымнан ұстап жібермеген еді.
- Қабірден мұңайып шығуыңыздың себебі не еді?
- Қабір оны қысуды бастағаны үшін шыдай алмадым.
- Неліктен қабірі қыса бастады?
- Әйелін және үйіндегілерін ренжіткені себепті, құл ақы қарызысы пайда болыпты.
Адамды түзелтетін, жақсылыққа үндейтін маңызды бір нәрсе бар, ол – өлімді еске алу. Хазреті Омар: «Ей Омар! Саған насихат ретінде өлім жеткілікті!» дейтін. Уәйсәл Қарани хазреттері де: «Түнде жатқанымда Әзрейіл алейһиссалам қарсымда тұрғандай, таң ертең оянғанымда жанымда тұрғандай сезініп, әр дайым өлімді ойлаймын» деген екен. Осылай ойлаған адам ешқашан ашуланбайды, әрине періштедей болады. Ал өлімді естен шығарған адам азғырады, құтырады. Оған ешқашан өлім келмейтіндей, ешқашан есеп бермейтіндей, күш-қуат кетпейтіндей ойлайды.