Untitled Document

Тарих - Тарихи жауаптар

Құлақтарының үлкендігімен танымал болған Галилеоға біреу былай депті:
- Мырзам, құлақтарыңыз адамға сәл үлкендік етпей ме?
Сонда Галилео былай деп жауап береді:
- Менің құлақтарым адамға үлкен болуы мүмкін, бірақ сенің құлақтарың ешекке тым кішкентай емес пе?
*** *** ***
Наполеон соғыста Испанияны жеңеді. Жеңілген Испанияның патшасы:
- Сендер тек ақша және мал-мүлік үшін соғысасыңдар, ал біз намысымыз, абыройымыз үшін соғысамыз,- дейді.
Сонда Наполеон былай деп жауап береді:
- Иә дұрыс, адамдар өзінде несі кем болса сол үшін соғысады.
*** *** ***
Бір француз Парижде жұмыс істеп жүрген бір түріктен сұрапты:
- Осы сендердің әйелдеріңді үйден шығармайтындарың рас па?
- Бұрын солай еді. Қазір сыртқа шығардық, бірақ еш ішке кіргізе алмай жүрміз.
*** *** ***
Сократ өлім жазасына кесілгенінде әйелі: «Әділетсіз түрде өлім жазасына кесіліп жатсың!» деп жылай бастайды. Сократ оған былай деп жауап береді: «Не, сонда әділетті түрде өлтірілуім керек пе еді?»
*** *** ***
Бір күні философ Диоген өте тар көшеде бай, тәкаппар адаммен кезігіпті. Біреуі шетке шығып жол бермейінше өту мүмкін болмапты. Алайда, маңғаз бай философқа: «Мен бишараларға жол бермеймін» депті. Сонда Диоген жолдың шетіне шығып: «Ал мен жол беремін!» депті.
*** *** ***
Фатих Сұлтан Мехмет ханнан сұрапты:
- Стамбулды не үшін жаулап алдың?
Фатих Сұлтан былай деп жауап береді:
- Әуелі ол менің жүрегімді жаулап алды, кейін мен оны.