Тарих - ӘМІР ТЕМІР ұстанған қағидалары
- Аллаһу та’аланың дінін жаюды мақсат тұттым.
- Досқа да дұшпанға бірдей мәміледе болдым.
- Ғалымдармен ақылдасу арқылы көптеген жетістіктерге жеттім.
- Заңдарға құрмет етуді және заңмен жүруді орнықтырдым.
- Қолбасшы және әскерлерімді күшті күйде ұстау үшін алтын және басқа да құндылықтарды оларға пида етуден тартынбадым. Майдандарда үнемі әскерлерімнің жанында болып, осының салдарынан 27 өлкенің билеушісі болдым.
- Әділеттік және бейтараптық арқылы мұсылмандарға жақсылық таратушы болдым, және олардың да жақсылықтарын көрдім. Әлсіздерді залымдардың қолынан құтқардым. Кедейлерді тойғыздым.
- Сейидтерге, ғалымдарға және тарихшыларға ерекше назар аудардым, жақсы мәміледе болдым. Жақсы және ержүрек адамдармен дос болдым.
- Раббымның маған ашуы түспесін деп, ешкімге қысым және ашуымды көрсетпедім.
- Халықты басқаруға мемлекет билігіне олардың сенімін алған адамдарды ғана тағайындадым.
- Достарым менімен дос болғанына ешқашан өкінбеді. Дұшпандарыма да жылы шырай көрсеттім.
- Адамдармен дәрежесіне қарай сөйлесетінмін.
- Тоқтамыс ханмен болған соғыста оның қолбасшылары бізді әскерлеріңнің қатарына ал деп келді. Ертең маған да қиянат жасауы мүмкін екенін ойлап, сендер сатқынсыңдар деп оларды қабылдамадым.