Ғылым және техника - Бірнеше секунд ішінде заряд алатын батарея
Американдық ғалымдар литий иондық батареяның кішкентай, жеңіл және бірнеше секундтың ішінде ғана заряд алатын батареяның жаңа бір моделін жасап шығарды. «Nature» журналында хабарланған зерттеу бойынша, атақты Массачусет технологиялық институтының Byo-ungwoo Kang және Gerbrand Ceder есімді екі зерттеушісі тарапынан ойлап табылған жаңалық, гибриттік құралдарда, ұялы телефондарда және басқа да электроникалық құрал-жабдықтарда қолданылатыны мәлімденді. Жаңа әдістегі батареяның жаппай өндірісі үшін ұялы телефон және ноутбук сияқты электроникалық құралдарда қолданылатын литий иондық батареяларының өндіріс саласында кішкентай ғана өзгеріс енгізілуі жеткілікті болады. Осы аз ғана өзгеріс нәтижесінде батареялар, әрі кішкентай, әрі жеңіл, әрі ұзақ уақытқа жететіні жарияланды. Бұл жаңа әдіс арқылы 6 немесе 8 сағатта зарядталатын көліктің аккумуляторы 5 минутта, ал ұялы телефондардың батареясы 10 секундта зарядталатыны мәлімденді. Жаңа технологиямен жасалған батареялардың 2 немесе 3 жылдың ішінде сатуға шығарылатыны болжануда.
Кешегі жауап
Айдос соңғы дүкеннен шыққанында ақшасы мүлдем қалмағанына қарағанда, сол дүкенге кірерде жартысы 1 теңге болатын ақшасы бар деген сөз. Яғни екі теңгесі қалған еді. Мұнан алдыңғы дүкендерге кеткен ақшаны есептеу үшін бұл ақшаларға 1 теңге қосып, 2 ге көбейтсек, Айдостың әр дүкенге кірер кезде қалтасында қанша ақша болғанын табамыз.
4- дүкенде: 2 (2+1)= 6 теңге
3- дүкенде: 2 (6+1)= 14 теңге
2- дүкенде: 2 (14+1)= 30 теңге
1- дүкенде: 2 (30+1)= 62 теңге