Сұхбат - Білім, амал және ықылас
Ислам үш негізден тұрады: Білім, амал және ықылас. Дініміз алдымен білім үйренуді, кейін алған білімге сай іс-әрекет және ғибадат етуді және бүкіл осылардың барлығын Аллаһ разылығы үшін орындауды әмір етуде. Бұл үшеуіне де қол жеткізген адам ислам дініне қауышқан болады. Бір адам ислам дініне қауышқан кезде Аллаһу та’ала одан разы болады. Ал Аллаһу та’аланың разы болуы, жақсы көруі, бүкіл дүние және ахирет бақыттарының ең жоғарысы және қадірлісі екені Құран кәрімде хабар берілуде. Олай болса ислам діні дүние және ахиреттегі бүкіл бақыттарға қол жеткізетін үлкен қазына. Исламның сыртында ізденерлік, қызығарлық ешбір жақсылық жоқ. Бүкіл адамдардың дүние және ахирет жақсылықтарына, рахат және тыныштыққа қауышу үшін бірінші орында керек болған нәрсе, дұрыс иман иесі болу. Ол үшін барлық адам жүрегін қате сенімдерден және күмәндардан сақтауға тырысуы керек.
Күлімдейік - Назар тартатын айла
Бір жас жігіт мотоциклмен Мексиканың шекара бекетіне келеді. Арқасына асынған екі үлкен сөмкені көрген шекара сақшысы күмәнданып, ішінде не бар екенін сұрайды. Әлгі жігіт: «Ішінде жай ғана құм.» дейді. Сақшы: «Қане, ашшы көрейік!» дейді. Жігіт сөмкелерді ашады. Шекара қызметкерлері сөмкенің барлық жағын ақтарып қарайды, бірақ құмнан басқа ештеңе таба алмайды. Шекара сақшысы сөмкелерді қайтарып беріп, шекарадан өтуіне рұқсат береді. Бірнеше күннен кейін әлгі жігіт мотоциклде арқасындағы екі сөмкесімен тағы да шекараға келеді. Сақшы әлгі жігітті тағы тоқтатып, сөмкесін ақтарады. Ештеңе таба алмаған соң жігітті жібереді. Бұл жағдай сақшы зейнетке шыққанға дейін жалғасады. Бір күні зейнеткерлікке шыққан сақшы паркте отырғанында әлгі жігітті көріп сұрайды: «Сенің қаншама жылдардан бері бірдеңе ұрлап жүргеніңді білемін. Айтшы, не ұрлайтын едің, арамызда қалады.» Жігіт күлімдеп: «Мотоцикл» деп жауап береді.