Untitled Document

Мақала - Европада халық саны

Еуроодақ елдерінде халық санына байланысты дайындалған баяндамада, мұсылмандардың қарқынды түрде көбейіп келе жатқандығы аталып сондай-ақ: «Бала туылу мөлшері 2,11 пайыздан төмен болған ешбір мәдениет, қоғам, мемлекет тұрақтылығын сақтай алмайды. Жойылуға бейім болады» деген сөздер орын алған. ЕО-та үлкен тебіреніс ояндырған осы баяндамада әрбір отбасыда ең кемінде 3 бала болуы шарт екені білдірілген.

Әрбір жұпта (отбасыда) 1 баладан болатын болса, келешекте халық саны екі есеге азаяды. 2 баладан болатын болса халық санағы өзгеріссіз қалады. Халық санының ілгеріде көбеюі әр отбасыда ең кемі 3 баладан туылуына байланысты.

Европа елдерінен Францияда халық санының көбею мөлшері 1,8 пайыз, Англияда 1,6 пайыз, Грецияда 1,3 пайыз, Германияда 1,3 пайыз, Италияда 1,2 пайыз, Испанияда 1,1 пайыз. Европаның 31 елінде орташа туылу мөлшері 1,38 пайыз.

1990 жылдан қазіргі уақытқа дейін еуропа халқының азаймауының себебі, көп адамдардың көшіп баруы еді. Европаға қоныс аударғандардың 90 пайызы мұсылмандар болып табылады. Францияда мұсылмандардың 8,1 пайызы кейіннен көшіп барғандар. Жаңадан туылып жатқан балалардың 30 пайызы мұсылмандар. Шамамен 39 жылдан кейін Франция халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын болады.

Белгияда мұсылмандар, жалпы халықтың 25 пайызын құрайтындай халге жетті. Голландияда жаңа туылып жатқандардың 50 пайызы мұсылмандар. 15 жылдан кейін Голландияда мұсылмандардың үлесі 50 пайыздан асады деген болжам бар.

Ресейде 23 миллион мұсылман бар. Орыс әскерінің 40 пайызы мұсылмандар.
Шамамен 17 жылдан кейін ЕО-та туылған әр 3 баланың біреуі мұсылман болады.