Untitled Document

Сұхбат - Құл ақысы

Бір күні пайғамбарымыз сахабаларға уағыз айтып отырғанда құл ақысы туралы әңгімелейді. Сахабаларына:

– Менде кімнің ақысы бар болса алсын.

Сол кезде Укаша (радияллаһу анһ) дереу орнынан тұрып, рұқсат сұрап, былай дейді:

- Йа расулаллаһ, сіз мені бір кезде қолыңызбен ұрған едіңіз. Соның ақысын алғым келеді.

Пайғамбарымыз:

- Кел, Укаша, ақыңды ал,- дейді.

Сол кезде сахабалардың барлығы Укашаға ашулы көзбен қарайды. Укаша пайғамбарымыздың қасына барып, қысылып тұрып былай дейді:

- Йа расулаллаһ! Сіз менің киімсіз денемді ұрған болатынсыз. Мен де сізді солай ұрайын.

Пайғамбарымыз дереу көйлегін көтеріп, «Ұр, Укаша” дейді. Хазірет Укаша болса, пайғамбарымыздың арқасындағы пайғамбарлық белгісін сүйіп алады.

Мұны көрген сахабалар Укашаға тәтті қызғанышпен қарап қалады.