Сіз білесіз бе?
- Күніне 1 метрге өсетін шырмауықтар бар.
- Дүниедегі ең ұзын ағаш 127 метр.
- Бір бактерия 1 секундта өзінің айналасында 100 рет айнала алады.
- Күшігендер 4 км ұзақтағы киіктің өлі немесе ұйықтап жатқанын анықтай алады.
- Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.
- Бір қылыш балығының жылдамдығы 109 км/сағ жете алады.
- Қытай дуалының ұзындығы 10000 км-ге жетеді, кей жерлерінде қалыңдығы 10 метр.
- Сибирияның кей жерлерінде жылдық температура айырмашылығы 910С.
- Стамбулдағы қоқысқа тасталған нандармен бүкіл Норвегияны тойдыруға болады.
- Баспахананың шығуынан бастап ІІ- дүние жүзілік соғысына дейінгі басылған жазулардан көбі қазір бір күнде басылып шығуда.
- Бір тілім нанның қуаты бір миль жүгіруге жетеді.
- II- ғасырда Каирде 12 қабатты үйлер болған.
- Инквизиция (католик шіркеулерінің жазалау мекемесі) 300 жыл ішінде 34 мың адамның жағылып өлтірілуіне шешім қабылдаған.
- Польша королі Августтың 350 баласы болған.
- Осман Империясының ілгерілеу дәуіріндегі жер көлемі 24 миллион км2 ауданды қамтыған.
Күлімдейік...
Жас келін
Шалмен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шалмен кемпір өзара келісіп екеуміз таласайық сен “мен сыпырамын” де, мен “жоқ мен сыпырамын” дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп шалмен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп “не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын” деген екен.