Тарих - Отырар апаты (2)
Отырар қаласы жөнінде тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев былай баяндайды:
«Ол жерді қазғанбыз. Сол кезде көптеген мұралар. Сырттан су әкелінген. Құбырлар. Су кірген. Лай суды сыртқа шығарған. Сонан кейін мусор төгетін арнайы ұңғымалар болған. Олардың барлығы қаланың тазалығын сақтау үшін. Жұқпалы аурулар таралып кетпеуі үшін жасалынған болатын. Сырдария мен Арыс өзендерінің сағасындағы оазисте орналасқан Отырар жұртына географиялық жағдай өте қолайлы еді. Отырардың маңында жер суаратын мелиорациялық жүйе болған. Айнала шексіз дала. Малшыға да, диқанға да ыңғайлы. Өзен аңғары шалғынды шөптерге, итмұрын өсінділеріне бай.»
Тарих кітаптарында Қайырхан Шыңғысханның керуендегі көпестерін өлтіртіртті. Бұл шыңғысханның орта азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды деп жазылады. Бұл тақырыпқа тоқталған Әуезхан Шашаев сөзін былай жалғады:
«Осы Отырарға қатысты дау Шыңғысхан есімінен туындайды. Оны Ибн ал-Асир мен Рашид ад-дин былай суреттейді: “Шыңғысхан өз әскерін киіндіретін мата сатып алу үшін, көп мөлшерде күмістер, құндыздар және тағы басқа заттардан қор жасап беріп, Мавереннахр, Самарқанд, Бұқара қалаларына керуен жөнелткен. Олар түркі қалаларының бірі Отырар қаласына кіреді. Керуен келген кезде Отырар билеушісі Хорезмшахқа алтын мен күміс әкелген түркілер туралы хабар береді. Хорезмшахтың бұйрығымен Қайырхан түркілерді өлтіріп, мүліктің барлығын Хорезмшахқа жіберген...”. Деректерге қарап отырсақ таң қаласың. Шыңғысхан неге дәл Отырарға керуен жіберген. Орталық Азия жерінде Отырардан басқа да қалалар бар еді ғой.
Ал, осы моңғолдар келіп, жаңағы елшілерін жібереген кезде, олар елшілерін жібермес бұрын моңғолдардың тәсілі бар. Олар арнайы барлаушылар ретінде саудагерлер жібереді. Олар бір жыл бұрын арнайы келіп, қай жерінен кіруге болады? Онан кейін олардың басшылары кім? Оны қандай топтар қолдайды? Оларды қалай өз жағымызға шығарып аламыз? Немесе басқа бір уәделер беріп, билік беріп осының бәрін Шыңғысхан алдын ала ойластырып барлаушылар арқылы білуге тырысқан. Саудагерлердің миссиясы шынымен де барлаушылық болса онда Қайырханның амалы түсінікті.»
Алматы тв «Тарих таразысы» бағдарламасы