Сұхбат - Намаздың дініміздегі орны
Намаздың дініміздегі орнын білген мұсылман намазын ешқашан тастамайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны сияқты.» (Табарани)
«Намаз – діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырады, ал оқымаған адам дінін құлатады.» (Бәйһақи)
«Намаз оқыған адам құтылады, ал оқымаған адам өкінеді.» (Табарани)
«Мүмин Аллаһ разылығы үшін намаз оқыған кезде ағаштан жапырақтары төгілгендей оның күнәлары да төгіледі.» (Имам Ахмед)
«Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, басқа амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)
Күннің тарихы - Андалусия мемлекеті
Испаниядағы ең соңғы Ислам мемлекеті болған Андалусия арап мемлекеті 1492 жылы 2 ақпанда испандардың қолына өтті. Испандықтар Андалусия мемлекетін құлатқаннан кейін, бұрын соңды болмаған жабайылықпен білім орталығы болған Андалусиядағы мұсылмандарды жойып жіберді. Теңдесі жоқ өнер туындыларын қиратты. Сол дәуірдегі Европаның ең үлкен және ең мәдени қаласы болған Гранада аянышты тонаудың астында қалды. Әлемнің ең үлкен кітапханаларынан болған және жүз мыңдаған кітап қорын қамтыған Гранада кітапханасының кітаптары, кардинал Киснеростың және Король мен король әйелінің мақұлдауларымен қаланың үлкен алаңына жинап, түгелдей отқа жағылды. Бұл кітаптардың басым бөлігі әлемдегі жалғыз нұсқа еді.