Untitled Document

Ғылым және техника - Зәм-зәм суындағы ғажайып! (1)

Ұзақ жылдар бойы зәмзәм суы мен кристалдары бойынша зерттеу жүргізген мұсылман зерттеуші мамандармен қатар жапон және неміс ғалымдары да жасаған зерттеулерінің нәтижесінде зәмзәм суының ғажайып сырларымен бөлісті.

Шөлдің қақ ортасында орналасқан, 4 мың жыл бойы бұзылмастан, ластанбастан, балдыр баспастан аққан қасиетті «зәмзәм» суы жыл сайын қажылық пен умра үшін келетін миллондаған мұсылмандарды азықтантыруда. Қалайша бір құдық осыншама адамға жетуде? Мәсжиди харамның ішінде Хажари әсуәд бұрышының тұсынан шығатын зәмзәм суының берекесі және хикметтері батыс ғалымдарын таң қалдырмай қоймады.

Зәм-зәм суы және кристалдары жайлы зерттеу жүргізген мұсылман емес ғалымдар зерттей келе судың ғажайып сырларынан хабардар болды. Солардың бірі неміс ғалымы Кнуф Пфеиффер. Рен өзенінің суынан ішкен адамның энергиясы азайғанын анықтаған Пфеиффер, суларды зерттеу кезінде біраз мөлшерде зәм-зәм суын табады. Мұсылмандардың аса мән беретін және құнды сыйлық ретінде бір-біріне сыйлайтын бұл суды сынақтардан өткізеді. Сынақтар нәтижесінде, адам зәм-зәм суын ішкеннен 35 минуттан кейін жеңілдік, жан рахатын сезінетінін дәлелдейді. Зерттеуін одан әрі тереңдете келе таң қаларлық шындықты көреді. Судың ұйыту ерекшелігі бар екендігін, бір стакан суы бір шелек құбыр суын тазалайтынын және бұл ерекшелігімен күш-қуат және шипаның қайнар көзі екенін дәлелдеген Пфеиффер: «Зәм зәм суы қандай жағдайда болса да өзгермейді, бірақ басқа суларды өзгертеді.» деді.

Неміс ғалымы сөздерін былай жалғады: «Таңқаларлық тәжірибе жасадым. Бір тамшы зәм-зәм суын жүз тамшы қарапайым үй суымен араластырдым. Нәтижеде судың барлығы зәм-зәм суына айналды. Кейін бір тамшы зәм-зәм суын мың тамшы қалыпты суға араластырдым. Онда да судың барлығы зәм-зәм суына айналды. Бұның себебі не? Не үшін?.. Зәм-зәм суында қуатты энергия бары соншалық, басқа суларды өзгертеді, бірақ өзі өзгермейді.»

(Жалғасы ертең...)