Сұхбат - Дүниеде ахирет көріне ме?
Хусейн Хилми бин Саид хазреттері былай деген:
Қазір дүние бар болғанындай, ахирет те бар. Дүниеде жүріп, ахиреттен еш хабарымыз жоқ! Біреулер: «Кім барып көріпті соны?» деп айтады. Кәпірлер де «Барып көріп келген адам бар ма? Жаннатты, тозақты көрген адам бар ма екен?» деп айтады. Негізінде дүниеде жүріп ахиретті көруге болады. Дүниеде ахирет қалай көрінеді? Көңіл (жүрек) көзімен көрінеді. Көңілде бір терезе ашылады, сол терезеден ахиретті көреді. Тіпті сират көпірін, таразыны, есепті, кітапты, барлық нәрсені көреді. Негізінде ахиретте уақыт, мезгіл деген нәрсе жоқ. Сүйікті пайғамбарымыз миғражға шыққан кезде хазреті Османның жүгіріп жаннатқа кіргенін көреді. Ал хазреті Осман радиаллаһу анһ жаннатқа жүгіріп қазір кірді ма?!.. Жоқ, қиямет болғаннан кейін, ахиретте кіреді. Бірақ сүйікті пайғамбарымыз оның жаннатқа кіргенін миғражда көрді. Оның ұқсасын көрді ме, әлде қиялдады ма?!.. Жоқ, дәл өзін көрді. Мыңдаған жылдардан кейін болатын нәрсені сол сәтте көріп жатыр. Бұл қалай болады?!.. Өйткені ол жерде уақыт жоқ. Мәбдә және мүнтәһа, басы және соңы, миллиардтаған жылдар ол жерде бір сәт. Біз уақытқа бағынышты түрде жаратылдық. Уақытқа тәуелді туылдық, өстік. Уақытсыздық деген не, оны түсіне алмаймыз, оған миымыз жетпейді. Көңіл (жүрек) көзі ашық адамдар қияметті көреді, жаннатты да, жаһаннамда жанғандарды да көреді. Көңілде терезе ашылады, сол терезеден ахиретті көреді.
Мысалы, дүниеде де ұзақты көру мүмкін ба? Мүмкін. Қалай? Қане мен көрмей жатырмын? Қолыңа бір дүрбі ал, қара сонда көресің. Дүрбі арқылы көресің. Сол сияқты ахиретті де дүрбімен көру керек. Ахиреттің дүрбісі не?!.. Ахиреттің дүрбісі, адамның өзінің жүрегі (көңілі). Әркім өзінің жүрегі (көңілі) арқылы ахиретті көреді. Ал көңіл терезесі жабық болса, әрине ол жүректен ахиретті көре алмайды.