Ғылым және техника - 31 мың жылдық ұрық жанданды
Сібірде мыңдаған жылдар бойы мұз астында тоңған топырақтардан табылып тиіннің ұясынан шыққан қазына, зерттеушілерді таң қалдырды. Колыма өзенінің жағалауында 40 метр тереңдіктегі ұяда тиіндер жинаған жеміспен дәндерден қалған қалдықтары көгерді.
31 мың жыл бұрын тоңып қалған жасушалар лабораториялық ортада зертелді. Нәтижеде ақ жапырақты, қуатты және ұрық бере алатын қалампыр гүлі шықты.
Қол жетікізілген бұл қалампыр, қазірге дейін ұрықтандырылған ең ескі өсімдік ретінде тіркелді. Бұдан бұрын ең ескі өсімдік, Израилдегі 2 мың жылдық дәндерден жетілдірілген пальмалар болатын.
Мамандар топырақ астындағы тоңған қабаттарында бұзылмай сақталған ұлпа үлгілерінен мыңдаған жылдық өсімдіктермен қоса жануарларды да жаңадан тірілтуге болатынын мәлімдеді.
Күлімдейік - Репортаж
Жол апаты болған жердің айналасын бір топ адам қоршап алады. Жиналған адамдарды көрген тілші, машинасын тоқтатып, апаттың жанына барады. Болған апатты бейнетаспаға түсіріп, ең бірінші болып эфирге шығару үшін адамдардың арасынан өтпекші болады. Адамдардың тым көптігінен арасынан өте алмайды. Дереу қулық жасап: «Жол беріңдер! Жолды ашыңдар! Мен апатқа ұшырағанның баласымын!» -деп жылай бастайды. Адамдар дереу шетке тұрып, жол береді. Тілші жақындап барып қараса, машинаның қарсысында үлкен бір есек жан таласып жатқан екен.