Untitled Document

Бала тәрбиесі - Заманауи технологиялардағы қауіп (2)

Психологиялық кеңес беру мамандары бала жастағылардың да, жеткіншектердің де бұл жағдайдан сақтануында ата-аналарға көбірек жүк түсетінін білдіруде. Балалардың қолына берілген технологиялық жиһаздардың, интернетке қатысты әртүрлі құралдардың міндетті түрде ата-ананың бақылау астында қолданылуы тиіс. Ата-аналарға бұл мәселеге қатты мән берілуі керектігін айтқан манандар: «Компьютер, планшеттердегі жыныстық үлгідегі әртүрлі видеолар, суреттер және ойындар, балалардың назарын тарту ықтималы өте көп. Интернет арқылы төнген қауіптердің қатарына балалардың әртүрлі мінез-құлыққа қайшы сайттарға оңай түрде кіре алулары, онда зұлымдыққа негізделген және әдепқе қайшы әрекеттердің қалыпты етіп көрсетулері, бақылаусыз түрде танымайтын адамдармен чат арқылы сөйлесуі, хат алмасуы мысал бола алады.»

Интернет балаларға ізденетін, білімін толықтыратын мәлімет қазынасы болумен қатар, жоғарыда аталып өткен қауіптердің де таусылмас қоры. Сол себепті ата-аналардың бұл мәселеге немқұрайлы қарамауы, балалары жан-жақты түрде бақылауында болуы өте маңызды.

Бұл орайда елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқандары да әдемі мысал болмақ: «Заман өзгерді. Қазіргі балақайлардың ең сүйікті ойыншықтары не дейсіз ғой? Сөзсіз планшет, айпад. Таңның атуы, батуы осы «ойыншықтармен» ойнап, әлек болды. Әрине, заман талабына сай бүлдіршіндердің ақпараттық қоғамда инновациялық технологияларды жетік меңгеріп, қолдана білгені дұрыс. Алайда, бұл жағдайдың кері әсері болатыны сөзсіз. Жақында теледидардан «Еуроньюс» арнасын қарап отырғанымда, баласының болашағына алаңдаулы анасы одан барлық техниканы, тіпті ұялы телефондарды тартып алғанын көрдім. Содан бері пайдалы жұмыстармен айналыса алатын бос уақыты да пайда болған екен.»