Untitled Document

Бала тәрбиесі - Заманауи технологиялардағы қауіп (1)

Соңғы кездерде планшет, ұялы телефон сыңды технологиялардың дамуы және кеңінен таралуымен бірге оны қолданатындардың жасы да едәуір төмендеді. Бұған әке-шешесінің телефондарымен ойнайтын мыңдаған балалар мысал бола алады. Тіпті көптеген ата-аналар 2, 3 жасар балаларын жұбату үшін планшет немесе телефондардан пайдалануда. Алайда ұзақ уақыт бойы қозғалмастан басы төмен бүгіліп отырып планшет ойнау балаларда омыртқалардың қисаюы, бүкірлік ауруларына себепші болуда. Бұлардың емі де оңай емес және ұзақ уақытқа созылатын емдік процестерден тұрады.

Сондай-ақ бұл ақылды технологиялардың дамуымен қатар бұларға арналған приложениялардың (бағдарламалардың, ойындардың) түрлері де, саны да едәуір көбейе түскені белгілі. Соның салдарынан жыныстық үлгідегі ұятсыздыққа, зорлық-зомбылыққа әуестендіретін әртүрлі видеолар, ойындар, бұл құралдармен ойнайтын балалар үшін оңай қол жетімді жағдайға келді. Өйткені бұларды жүктеуде саусақпен бір ғана түрту жеткілікті.

Телефондағы мұндай программалар көбінесе ақылы болады, бірақ жасаушылар өнімдеріне назар тарту үшін демонстрациялы түрін ақысыз ұсынуда. Қызығушылығы артқандарға толық нұсқасын сатып алуға тура келеді. Немесе бұл бағдарламалардағы жарнамалар арқылы да басқа әртүрлі бағдарламалармен ойындар қолжетімді болғандықтан балаларды бұл қауіптен сақтау өте қиынға соғуда. Сондай-ақ бұл мәселенің материалдық жағы да бар. Мәселен былтыр Англиялық 5 жасар Денни, әкесінің телефонымен ойын ойнап отырып, ойының ішіндегі ақылы қаруларды сатып алып, 10 минуттың ішінде 2500 доллар жұмсағаны мәлімденді.

(Жалғасы ертең...)