Untitled Document

Қазақстан ғаламдық әл-ауқат рейтингінде

4 саты жоғарылап, 46-орынға тұрақтады

Британдық Legatum зерттеу институтының 2011 жыл қорытындысы бойынша әзірлеген ғаламдық әл-ауқат рейтингінде Қазақстан 144 мемлекеттің ішінде 46-шы орынға тұрақтады.

Институттың ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, алдыңғы рейтингте Қазақстан 110 елдің ішінде 50-ші орын иеленген болатын. Рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр. Мысалы, Ресей 66-шы орында, Украина - 71-ші, Беларусь - 54-ші, Өзбекстан - 64-ші, Моңғолия - 59-шы, Қырғызстан - 88-ші орында. Әл-ауқат рейтингінде әр мемлекеттің жеткен жетістіктері сегіз категория бойынша анықталады. Қазақстан «экономиканың қуаты» санатында 54-ші, «іскерлік климат» - 59, «тиімді басқару» - 95, «білім беру жүйесі» - 43, «денсаулық сақтау деңгейі» - 60, «қауіпсіздік және заңдардың сақталуы» - 53, «жеке бас еркіндігі» - 43, «әлеуметтік капитал» бойынша 37-ші орында.

Бастапқы үш орынды Норвегия (1), Дания (2) және Швеция (3) өзара бөліске салды. Ең үздік бес елдің қатарына Австралия мен Жаңа Зеландия да кіреді. Алтыншы орында Канада, Финляндия, Нидерланд, Швейцария және Ирландия.

Бақытты болу үшін

Адамның дүниеде де, ақыретте де бақытты болуы үшін, мұсылман болуы керек. Дүниеде бақытты болу – рахат өмір сүру деген сөз. Ақыретте бақытты болу – жәннәтқа кіру деген сөз. Аллаһу та’ала құлдарына мейірім еткені үшін бақытты болу жолын, құлдарына пайғамбарлары арқылы білдірді. Өйткені адамдар бұл бақыт жолын өз ақылдарымен таба алмайды. Пайғамбарлардың (алейһимуссалам) бәрі Аллаһу та’аланың білдірген нәрселелерін ғана айтқан. Пайғамбарлар білдірген бақыт жолы “дін” деп аталады. Мухаммед алейһиссалам білдірген дінге Ислам делінеді. Адам алейһиссаламнан бері мыңдаған пайғамбарлар келген. Пайғамбарлардың ең соңғысы – Мұхаммед алейһиссалам. Басқа пайғамбарлардың білдірген діндері уақыт өтумен бұзылған. Ендігі бақытқа қауышу үшін Ислам дінін үйренуден басқа жол жоқ.

Жануарлар әлемі...
Сіз білесіз бе?

  • Құмырсқа су астында 14 күн өмір сүре алады.
  • Өсімдіктер фотосинтез процессін жасауды бір сағатқа тоқтатса, дүниедегі бүкіл жандылар өледі.
  • Ұлудың 4 мұрны бар.
  • Секундтың жүзден біріндей уақытта 100 км жылдамдыққа жететін бүрге, оқтан да жылдам.
  • Аюлар қыс ұйқысында салмақтарының 25% жоғалтады.
  • Бір мұз қалыбының ішінде үш апта көлемінде мұздалған шаян, мұз ерітілгенінде еш нәрсе болмағандай жүріп қалыпты жағдайын жалғастырған.
  • Құстар ұяларында кейде демалады, бірақ басқа жерлерде ұйықтайды.
  • Түйеқұс – аяғында екі саусағы болған жалғыз құс.
  • Мегапод құсы күрікке жатпайтын құстың жалғыз түрі.
  • Түйелер 15 минут ішінде 200 литр су іше алады.