Сұхбат - Бір ананың қызына айтқан үгіті
Қызым! Сен әке-шешең өсірген ұядан кетіп, басқа біреудің үйіне бара жатырсың. Мен саған 10 түрлі нәрсе айтамын. Оларды санаңа тоқып, орында. Осылайша, күйеуіңмен жақсы қатынаста боласың.
- Саған киім мен тамақ ретінде не әкелсе де шын көңіліңмен қабылдауың керек.
- Оның айтқандарын істеп, оны тыңдауың керек.
- Үйдің ішін таза ұстауға мұқият болып, айналаны реттестіріп отыруың керек.
- Жиі-жиі жуып, үстіңді өте таза ұстауың керек. Әйелдің ең үлкен әшекейі – тазалығы. Күйеуің үшін ерекше киініп, сәнденуің керек.
- Ұйықтайтын және тамақтанатын уақыттарына назар салуың керек. Төсегі мен тамағын уақытында дайындауың керек. Ұйқысыздық пен аштық адамды ашуландырады.
- Күйеуіңнің ары мен намысын, беделін қорғауың керек.
- Күйеуіңнің туыстарымен жақсы қарым-қатынас орнатуың керек.
- Күйеуіңнің малы мен ақшасын қорғауың керек. Оның рұқсатынсыз және хабарынсыз жұмсамауың керек.
- Араларыңда болған нәрсені ешкімге айтпауың керек.
- Оған бағынып, онымен қуанып, дерттеріне ортақ болуың керек.
Осыларды орындасаң тыныш, бақытты отау құрасың. Дүние мен ақыретте бақытқа жетесің.