Untitled Document

Үй жинаған әйел ұтылмайды

Әрине, отбасын таза ұстау - әрбір әйелдің ғана емес, үй ішіндегілердің де төл міндеті. Бірақ осыған келгенде, түрлі қайшылыққа ұрынатын да кез келіпті. Өте өкінішті. Себебі ерлі-зайыптылардың тұрмыстық мәселені бір-біріне итеріп, біріне-бірі сілтейтіні көбейіп тұр. Отбасылық реніштер де кейде тура осы мәселелерден туындап жатады.

Қалай десек те, үй-ішін әйел адамның жинастырғаны жөн екен. Бұл жұмыс олардың жүйке-жүйесінің қалыпқа түсуіне көмектеседі екен. Олардың көңіл күйінің көтерілетін сәті де үй жинаудан соң байқалатын көрінеді. Әрбір үшінші әйел өзінің атына айтылған жылы сөзден соң бойына қан жүгіріп, жеңілденіп сала береді екен. «Толыққанды терапия» дегеніңіз де осы ғой. Бұл мәлімет Zoflora компаниясының 200-ден астам әйелге жүргізген зерттеулерден соң жария болған.

Шаңырақтың «шаңын қағуды» жиі қолға алатын арулардың дені, нақтырақ айтсақ, әрбір 10 әйелдің төртеуі үйін тазалағандығын күйеулеріне айта бермейді. Осылайша олар аптасына орта есеппен 4 сағатын үй жинауға арнайды.

Психолог Джейн Маккарт бұл туралы: «Әйелдер өз жұмысының нәтижесін бірден көреді. Өз үйінің мәртебесін арттыратын да, жоғары бағалау да тазалықпен байланысты. Тіпті олар таныстарының үйін жинастыруға да қарсылық білдірмейді» - дейді.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, әйелдің үйді шаңсорғышпен тазартып, шаңды дымқыл шүберекпен сүрткенді ұнатады екен. Тек газ плитасын, әжетхана мен киім үтіктеуді жаны сүймейді – мыс. Ауырлау немесе көңілі қаламаған жұмысты күйеуінің еншісіне қалдыратындар да баршылық.

Шаңырақта бөлмелердің хош иіске бөленіп тұрғанын да әйелдер жақсы көреді. Үйде жағымсыз иістің болғанын ұнатпайтын әйелдер өте көп. Өкінішке қарай, бұған соншалықты мән бермейтіндер де ұшырасады.

Қалай айтсақ та тазалық – денсаулық кепілі. Мұны қазақ әйелдері жақсы біледі. Үйдегі он баланы күтумен бірге, ауласына да шаң жұқтырмаған арулардың бүгінгі ұрпағы да тазалықты жаны сүйгені – жақсы нәрсе. Келген қонақтан да ұялмайтындай жағдайда өмір сүріп, таза жүруге де дағдыланғанға не жетсін!
БАҚ