Имам Ғазали
Хазреті Имам Ғазали (рахметуллаһи алейһ) Ислам ғалымдарының ең ұлыларының бірі. Өмірін Исламның әмірі мен тыйымдарын үйрену және үйретумен өткізген хазреті Имам Ғазали 1058 жылы Ирандағы Мешхед қаласының Ғазал ауылында туылған. 1111 жылы Жәмазил-әууәл айының 14-іне, дүйсенбі күні сол жерде қайтыс болған.
Бөлмесінде намаз оқып жатқанда, әдеттегіден ұзаққа созылғаны үшін, жақындары алаңдайды. Ішке кіргенінде хазреті Имам Ғазалидің, кебінін киіп, жүзін қыблаға қаратып, жан тапсырғанын көреді.
Хазреті Имам Ғазали мүжтәһид ғалым болған. Өте көп кітап жазған. Кітаптарының көптігі соншалық, өміріне бөлінетін болса, күніне 18 беттен түседі. Бағдатта Низамия Университетінде мүдәррис, яғни оқытушы болған. Кейінірек Шамда және Нишапурда да мүдәрристік қызметін жалғастырған. “Ихйа” және “Кимия-и Саадат” атты кітаптары өте құнды.
İBRET-İKİ ŞEYİ HİÇ UNUTMA!
Hindistan evliyalarından Fethullah Audahi “rehmetullahi aleyh” bir öğrencisine böyle nasihatta bulunmuş:
-Evladım, Şu iki şeyi hiç unutma! Birincisi “Allahu teala”. Ona her zaman muhtacsın. İkincisi “Ölüm”. Ölümü de hiç unutma.
Sonra dedi ki:
-İki şeyi hemen unut, hiç hatırlama! Birincisi “Yaptığın iyilikler”, ikincisi “sana yapılan kötülükler” bunları hemen unut. Sevgili Peygamberimiz şöyle buyurmuştu: “Müminin yaptığı iyiliği unutarak, kötülüğünü unutmayan birisini Allahu Teala sevmez.”
Ғибрат...
Екі нәрсені мүлдем ұмытпа!
Үндістан әулиелерінен Фэтхуллаһ Әудәһи «рахметуллаһи алейһ» бір шәкіртіне былай деп насихат айтады:
– Балам, мына екі нәрсені мүлдем ұмытпа! Біріншісі «Аллаһу та’ала», әр мезетте оған мұқтажсың. Екіншісі «Өлім». Өлімді де ешқашан ұмытпа.
Кейін тағы былай деді:
– Екі нәрсені тез ұмыт балам, мүлдем есіңе алма! Біріншісі «Жасаған жақсылықтарың», екіншісі «Саған жасалған жамандықтар» бұларды тез ұмытатын бол! Пайғамбарымыз: «Мүминнің жақсылығын ұмытып, жамандығын есіне алатын адамды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді» деген.