Денсаулық - Көзқарастар мен шындықтар
«BBC Focus» журналы дәрі, косметика және азық-түлік фирмаларының «салауатты өнімдер өндірудеміз» деген көзқарастарын ғалымдармен бірге зерттеу жүргізіп мына нәтижелерді шығарды:
Көсқарастар: Май мөлшері аз азықтар денсаулыққа пайдалы және каллориясы шектеулі диета ретінде азуға көмектеседі.
Шындық: Май мөлшері аз деп этикетка жабыстырылған өнімдердің құрамында салмағына қарай 3% дан аз май болу керек. Ал майсыз өнімдерде май мөлшері 0,5% дан аз болмау керек. Проф. Леслей Реган былай деп баяндады: «Майы азайтылған немесе «Ekstra light» өнімдері әлі 30% дай көп мөлшерде май құрайды»
Көзқарастар: Витамин қоспалары жақсы және ұзақ өмір сүру үшін көмектеседі.
Шындық: Витамин өндіретін фирмалар жүйелі түрде тамақтанудың витамин қоспаларынан жақсы екенін бірауыздан білдіруде.
Көзқарастар: Детоксикация өнімдері денені зиянды токсиндерден тазалауға көмектеседі.
Шындық: Егер жүйелі түрде тамақтанатын болсаңыз зиянды токсиндерден құтылу үшін басқа нәрселерді қолданудың қажеті болмайды.
Әңгіме сәлдеде болса
– Мына хатты оқып бересің бе?
Қожа хатты қарап шығады. Қараса ешқандай мағынасы да жоқ, қалай болса солай жазылған бірнәрсе. Хатты қайтарып:
– Мен мынаны оқи алмадым,- дейді.
– Өй, мен сенің сәлдеңе қарап, ғалым екен деп ойласам.
Шаруаның қорлаған сөзіне шыдай алмаған Қожа басындағы сәлдесін оның басына кигізіп:
– Әңгіме сәлдеде болса, ал сен оқы, көрейін,- деген екен.