Баланы дұрыс жетілдіру
Нәрестелер өздеріне күліп қараудан, жылы жылы сөйлегеннен өздерін бақытты сезінеді және түсіну қабілеттері дамиды. Жылаған кезінде құшағыңызға алмасаңыз да қолынан ұстап қасына отырыңыз. Осылайша оның сенімділік сезімінің қалыптасуына көмекші боласыз.
Балаңыздың тісі өскенде, жүре бастағанда және сөйлей бастағанда жылауық келетінін ескеріңіз. Бала денелік қажеттілігінен және рухани қажеттілігі себебімен жылайды.
Кішкентай балаңыз қолына алмауы керек болған нәрсені алса, ашуланудың орнына жылы сөзбен қолынан алыңыз және қатал болмай, бірақ кесімді түрде “болмайды” деп білдіріңіз.
Балаңызға күнде уақыт бөліңіз. Баланың тәлімінен теледидар және көше жауапты емес, әке-шешесі жауапты. Балаңыздың алдына шыққан әрнәрсені қарауына рұқсат бермеңіз! Кеш жататын бала саулықсыз болады.
Ауырған кезінде балаңызға қатты көңіл бөлмеңіз. Осылай өзіне көңіл аударғысы келгенінде оңай ауруға ұшырау қауібінен сақтаған боласыз. Тамақтандыру тақырыбында да қатты әлпештемеңіз. Оның да өзіндік қалаулары болатынын ескеріңіз. Балаңыз алдындағы тамақты жеуден қиналып жатса, оны тауысуына мәжбүрлемеңіз, ең болмағанда жартысын жеуін айтыңыз. Ойын ойнап күлдіріп отырып тамақ жегізбеңіз. Бұлай болған жағдайда балаңыз әр тамақтану уақыттарында ерекше мәміле күтетін болады. Туалет тәрбиесі үшін 2 жасқа келген баланы анасы екі күн ұйқысыз өткізіп қадағаласа, бұл іс те шешімін табады.
Кішкентай балаңызға бірнәрсе айтар кезіңізде тізерлеп отырып онымен бір бойда болуға тырысыңыз. Сізбенен қарым-қатынаста болуға қатты қалайтынын көресіз. Кез-келген жасында балаңыздың сөздерін жалығып жарылайын деп тұрсаңыз да беріліп тыңдаңыз!
Қорқып жатырмын десе “Қорқатын не бар мұнда?” деп қарсы шығудың орнына “Демек қорқып жатырсың!” деп құшағыңызға алыңыз. Көресіз, қорқынышын да айтып береді, әрі оны жеңуіне де мүмкіндігі көбейеді.