Untitled Document

Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні


    СПИД бастапқыда гомосексуалды еркектерде, жезөкшелерде, есірткі қолданғандарда кездескен. Кейіннен жыныстық қатынас, қан ауыстыру және тұқым қуалау жолдарымен басқа адамдарға да тарай бастады. СПИД ауруын батыстың шектен асқан еркіндігінде өмір сүретін, неке, намыс, руханият, кие дегеннің не екенін білмейтін жағдайға жеткен және ақша, комфорт, ішімдік, есірткіге салынған адамдар таратып отыр. СПИД микробы ВИЧ деп аталатын вирус болып табылады. Денеге енгеннен кейін одан құтылудың жолы әзірге табылған жоқ. Ең кеш дегенде 5 жылда адам қайтыс болады. Өте ауыр созылмалы ауру. Шалдыққандардың 80% астамының өліміне себеп болуда.
Біріккен ұлттар ұйымы СПИД агенттігінің (UNAIDS) берген мәлімдемесі бойынша 2010 жылдың соңына қарай ВИЧ вирусына шалдыққандардың саны дүние жүзінде 34 миллионнан асқан. Жыл сайын дүние жүзінде шамамен 1,7 миллион ересек, 330 мың бала, жалпылама 2,1 миллион адамның СПИД-тен өлетіні айтылды. СПИД-тің күніне 5 мың 700 адамның өліміне себеп болып жатқаны білдірілді.

Денсаулық…
Пайдалы болғандар

  • Табиғи азықтар: бал, айран, сүт, ірімшік (сыр), жүзім, тұт жемістерінің қайнатылған шырыны, зәйтүн және сары майынан жасалған тағамдар, жеміс-жидектер мен көкеністер, әсіресе салаттар және қара нан.  
  • Жоспарлы жұмыс, жеткілікті қозғалыс және спорт, иманды, ұқыпты және адал жанұялық өмір.

Зиянды болғандар

  • Алкоголь, темекі, әр түрлі есірткілер, химиялық өнеркәсіп өнімдерімен байланысты азықтар, өңделген өнімдер (шекер, тұз, маргарин,...) шоколад және қоспалары, қуырылған тамақтар, дәмдеуіштер және консервілер, көп ет және тұрып қалған тағамдар...

Жұмыссыздық, имансыздық, жалқаулық, әдепсіздік, көп тамақ жеу, көп ұйықтау...