Денсаулық - Шекер орнына бал
Шекердің орнына балды қолданып көрдіңіз бе? Шайыңызға не болмаса сүтіңізге шекердің орнына бал қосып көріңіз. Әрине шекерсіз ішетіндер бөлек. Бірақ балалардың қорегіне шекердің орнына бал қолданыңыз.
Бәлішіңіз ұзақ уақыт қатпай жұмсақ болып тұруы шекер орнына бал қолдану арқылы мүмкін болады. Бір мөлшер балды ¾ мөлшер (стакан, кесе тб) шекердің орнына қолдануға болады. Бал үлкен-кіші жастағы барлық адамға да өте пайдалы. Балдың тәттілігі қантты диабет аурулары үшін де зиянды емес. Микроптардың көбеюінің алдын алатындықтан ішкі және сыртқы жаралардың еміне де қолданылады. Асқазан жарасына да пайдалы. Аурулар, әсіресе балалар үшін құн жетпес азық түрі. Балдың пайдаларының көптігі соншалық санап бітіру қиын.
Күннің тарихы - Бағдаттың алынуы
Осман мемлекетінің тарихында Бағдат екі рет жаулап алынды. Қануни Сұлтан Сүлеймен хан 1533 жылы өзінің алтыншы жорығын Иран мемлекетіне жасады. Бұл жорықта Иран мемлекетінің біраз өңірлері Осман мемлекетінің қолына өтті.1534 ж 13 шілдесінде Тәбриз қаласы, 1534 ж 28 қарашасында Бағдат қаласы алынды. Осылайша 500 жыл Аббасилердің бас қаласы болған және Хазреті Имамы А’зам Әбу Ханифаның қабірі жатқан жер Осман мемлекетіне өтті.
Сұлтан IV- Мұрат ханның дәуірінде Бағдат қаласы Сафауи (қызылбас) мемлекетінің қол астында еді. Сұлтанның өзі бастаған жорықтың ақырында, 40 күндік қамаудың нәтижесінде Бағдат қаласы қызылбас шиит зұлымынан құтқарылыды. (24 желтоқсан 1638 ж) Сұлтан IV- Мұрат хан, Сафауилер тарапынан құлатылған хазреті Имамы Ағзам Әбу Ханифаның қабірін зиярат етіп, қайта жөндеуден өткізеді.