Untitled Document

Денсаулық - Маскүнем ата-аналар

Жанұясында араққа салынған адамдар бар бала спиртті ішімдіктердің зияндарын естігенде өз жанұясы үшін ұялады. Әсіресе ішімдіктің денсаулыққа келтіретін зияндарын түсінген бала, отбасы мүшелерінің бұл қауіптен зиян көретінін ойлап, әрдайым алаңдайды. Өзінен және отбасы мүшелерінен қысылып, ішімдікке жұмсалған қаражаттың бір әділетсіздікті шығарғанын ойлай алады. Ал бұл жағдай отбасынан байланысын үзуге және жеккөруіне себеп болады.

Арақтың себебінен отбасыдағы тынышсыздық, материалдық қиыншылық, соққыға жығылуы және беделінің түсуі, адамдармен сыйыспаушылық, баланың психологиялық жағдайына кері әсер етеді. Алдағы уақыттарда психикалық ауруға шалдығуына себеп болуы мүмкін. Отбасыдағы үздіксіз ұрыс-керістер баланың өзіне деген сенімін жояды және елеусіз, адамгершілікке жат, тұйықтыққа жол ашады. Сонымен қатар мұндай балалар мектепте сыйыса алмайтын және достарынан байланысын үзген халде өмірлерін өткізеді.

Ислам ғалымдарының сөздері

• Адамдарға рахмет айтпаған, Аллаһу та’алаға шүкір етпеген болады.
• Жетістікке жетудің, табысты болудың шарты қарапайым, кішіпейілді болу.
• Хараммен қоректенген денені жаһаннам оты жағады.
• Мұсылман – қолынан және тілінен ешкімге зияны тимейтін адам.
• Бұл заман адамдарға мейірімді болу заманы, ашулану заманы емес.
• Қарсыңдағы кәпір де болса өзіңді одан үстем көрме! Өйткені ертең не болатыны белгісіз. Маңызды болғаны соңы.
• Мұсылманға тәкаппарлық, мақтаншақтық жараспайды.
• Сырат көпірінде алты нәрседен сұралады; иман, намаз, қажылық, зекет, ғұсыл және құл ақылары.